Отбасы - ошақ қасы

Бұрын күйеуде болғанын жасырып, тұрмысқа шыққан келіншектің өтірігі ашылып қалды

  • Көрнекі фото: HelpRazvod.Ru

    Көрнекі фото: HelpRazvod.Ru

Алматыда бұрын некеде болған келіншек жас жігітті алдап, тұрмысққа шыққан. Ол екінші күйеуіне алғашқы некесі жайлы жақ ашпаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Айлакер келіннің аталмыш әрекетін KAZ.NUR.KZ тілшісіне келіншектің қайын атасы айтып берді. Бүгінде бұрынғы келінінен үш немере сүйіп отырған қария, келіндерінің бұл опасыздығын кешірмейміз дейді.


"Ұлым – қара шаңырақтың иесі, жар дегенде жалғыз балам. Өзінен үш жас үлкен болса да, осы қызға үйленемін деп тұрып алды. Содан баланың бетін қайтармайық деп үйлендірген едік, соңы осындай болды. Келінім бұрын тұрмыста болған әйел болып шықты. Ол аздай бірінші күйеуінен бір баласы бар екен. Оны өзі де, құдалар да бізден жасырып қалған. Бірақ өтіріктің арты бір-ақ тұтам дейді, туған-туыстардан байқаусызда біліп қалдық. Ұлым осы әйелден үш баласы бар болғанына қарамастан, ажырасамын деп шешті. Қарсы келе алмадық, екеуі қазір бөлек тұрады. Келіннің бұл опасыздығын қалай кешірмекпіз?", - дейді қарт кісі.


Қария тек бұрынғы келінімен бірге ілесіп кеткен үш немересін сағынып, аңсайтынын айтады.


"Жастықпен сондай білместтікке барған шығар. Бірақ бәрін о бастан айтуы керек еді. Қазір енді ұлым қырыққа келіп қалды, басқа әйел тауып, үйленгенше қай заман? Бәрінен бұрын келінмен бірге кеткен немерелерімді сағынамын. Демалыс сайын әкеп тұрады, бірақ сонда да, балаңның баласын ерекше жақсы көріп, жамандыққа қимайды екенсің. Жатсам да, тұрсам да, сол үш қозымның амандығын тілеймін", - деп әңгімесін аяқтады қарт кісі. 




Көрілген: 5374    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 18:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31