Отбасы - ошақ қасы

Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

  • Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен

    Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

"НеМолчиKZ" зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалысы қорының басшысы Дина Таңсәрі өз құқығын қорғай алмайтын қазақ қыздарының тағдыры туралы баяндады.
Бұл туралы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жариялады.

Қазақ қызы, сенің пәктігің үшін қалың мал төлейді. Сен сонымен мақтан. Бұл саудаласудың бір мүмкіндігі. Қыз баланы өсірген ата-ана оның пәк болуын, тұрмысқа шығуын қадағалайды.

Бала күніңде саған ешкім махаббат, етеккір, жүктілік, сыйластық туралы айтпайды. Өйткені бұл ұят тақырып саналады. Оның орнына пәк болу маңызды екенін, барған жеріңе ақ болып баруды құлағыңа құяды.

Үлкенді сыйлап, әр нәрсені ұят деп тәрбиеленіп, толысқан шағыңда күйеу жігіт келіп, сені ауылына ұрлап әкетеді. Кейін ата-анаңнан кешірім, сұрап 5 мың доллар қалың мал ұстатады. Той жасауға уәде береді. Ол шындығында сені әйел қылып емес, құл қылуға әкетеді. Сен ұят болады деп намыстанып, ата-анаңның өзгелерге ұялмай қарауы үшін, көршілерің мен өзге адамдардың өсегіне ілінбеу үшін бәріне көніп жүре бересің. Ал, ата-анаң сенің бақытты екеніңді басқаларға айтып сендіріп жүреді.

Ал, сен алғашқы балаларың қыз бала болса, жыл сайын бала тууға мәжбүрсің. Туа алмасаң, енең өзге қызды келін қылып алып, немере қыздары барын мүлде ұмытып кетеді.

Егер ұлы қателік жасаса оны ата-анасы айыптамайды. Ал, қыздың қателігі бетіне басылады.

Қазір пәктік үшін қалың мал төлейтін заман емес, 21 ғасыр. Қыз да, ұл да бірдей туылады, олардың құқығы да бірдей болу керек. Мұның бәрін өмірде болған оқиғаларға сүйеніп жаздым.  




Көрілген: 2753    Пікірлер: 0

сенбі, 14.12.2019, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31