Отбасы - ошақ қасы

Екі баласы бар келіншек қазіргі сүйіктісінің қатты қызғанатынын айтып, мұңын шақты

  • Екі баласы бар келіншек қазіргі сүйіктісінің қатты қызғанатынын айтып, мұңын шақты

    Екі баласы бар келіншек қазіргі сүйіктісінің қатты қызғанатынын айтып, мұңын шақты

Екі баласы бар ажырасқан келіншек қазіргі сүйіктісінің өзін қатты қызғанатынын айтып, жан сырын ақтарды. Алты жыл бұрын бұрынғы күйеуімен айырылысып кеткен келіншек, өткен өмірі қайталанатынына алаңдаулы деп жазады желідегі astana_forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


"Сәлеметсіздер ме, жасым 31-де, ажырасқаныма 6 жыл болды, екі балам бар. Айтайын дегенім, жақсы жігітті кездестірдім, көктемнен бастап кездесіп келеміз. Балаларыммен де таныстырдым, оларға да өте жақсы қарайды.

Мейірімді, қолы ашық, қашан да бізден көмегін аямайды. Тек үлкен бір кемшілігі – өте қызғаншақ.


Басқа қалаға кетсе болды, күніне қоңырау шалады, жай қоңырау емес, бейнеқоңырау арқылы сөйлесеміз. Тіпті телефон тұтқасын уақтылы алмасам, сол үшін де жанжал шығарады", - деп әңгімесін бастада кейіпкер.

Келіншек болашақ жарының қол көтермейтінін, алайда өзіне сенімсіздік көңіліне күдік ұялатқанын айтады.


"Ол жабайы емес, қолын да ешқашан көтерген емес, алайда бойымда бір қорқыныш бар. Шынымды айтсам не істерімді білмеймін. Бар ойым қайтадан тұрмыс құрып, сәби сүйгім келді. Бірақ жағдай осындай болып тұр.


Қандай кеңес айтасыздар? Меніңше ол дәл осы мінезі үшін, әлі күнге дейін үйленбеген. Бұл тақырыпқа байланысты онымен талай сөйлестім.


Кішкене ұмтылады, сосын баяғы қызғанышын тағы бастайды. Кімнің басынан осындай жағдай өтті? Ақыл-кеңестеріңізді айтсаңыздар?", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары келіншекке түрлі ақыл-кеңестерін жаудырған. Олар:


"Ондай адамнан қашу керек", "Ол ауру, одан айыға алмайды, одан да мәселені ушықтырмай, ажырасып кеткен дұрыс", "Балаларыңыз үшін, өзіңіз үшін өмір сүріңіз", "Қызғаныштың түбі жақсылыққа апармайды" деген пікірлерін жаудырды.




Көрілген: 2373    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 21:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31