Отбасы - ошақ қасы

Екі жанұяны бақытсыз еткен әйел

  • https://www.chel.kp.ru/

    https://www.chel.kp.ru/

-Мама, мамаау! Кетпеші, мама! Мама! Мені де алып кетші, мама!

 

-Мама! Қалай? Мына екі жасар Елнұр ше? Оны қалай сенсіз өсіреміз? Ол тіпті кішкентай ғой, мама?!!

 

Бірақ балаларының бұл сөздерін Зина құлағына да қыстырмай, қақпаның алдындағы көлікке отырып, кетіп қалды. Қақпаның алдында еңіреп жылап, бес баласы қалды. Үлкені 10 сыныпта оқыса, кішісі екі жаста ғана болатын.

 

Талай жігітті өзінің сұлулығымен баулап алатын Зина 18 жасында ауылдағы қарапайым жігітке тұрмысқа шығып, ел қатарлы өмір сүрді. Басында барлығы да жақсы болды. Зина жұмыс істемей, үйде бала бағып, зағип енесін бағып отырғанда барлығы да керемет еді. Екі бала туғаннан кейін, Зина жұмысқа шықты. Міне, осы кезден бастап, отбасыларында түсініспеушіліктер орын ала бастады. Мектепте мұғалім болып істеп жүрген Зинаны күйеуі орынсыз қызғана бастады.

 

Бұл қызғаныштың арты араққа əуестенумен аяқталды.

 

Уақыт өтіп жатты. Зина жұмысын жалғастыра отырып, арасында декретке шығып, төрт баланың анасы атанады. Зинаны танымайтын адамдар оны бала тумаған жас қыз деп ойлайтын. Күйеуі қанша арақ ішсе де, Зинаға қол көтермейтін еді.

 

Ауылда Зина туралы əңгімелер көп болатын еді: «Зина да араққа салынып кетіпті», «Зина бір айға үйінен кетіп қалыпты», «Зина жаман жолға түсіп кетіпті» т.с.с.

 

Бұл əңгімеге біреу сенсе, біреу сенбейтін. Зинаны жамандыққа қимайтын адамдар: «Бұл бос əңгіме !» – дейтін еді.

 

Ал шындық қандай ? Бесінші баласына аяғы ауыр Зина қалаға жиі баратын еді. Дəрігерге көріну деген сияқты сылтаулары көп болатын. Дүниеге Елнұр деген ұл бала əкеледі. Баласы бір жасқа толғанда, Зина күйеуіне :

 

-Мен саған тұрмысқа шыққалы қалаға көшейікші, қалада тұрайықшы деп қанша айтсам да, қанша тырыссам да, сен мына бір ауылыңнан кеткің келмейді. Мен шаршадым. Он бес жыл бойы сенің өзіңнен шаршадым, сенің соқыр шешеңнен шаршадым.Мен қалада жақсы бір жігітпен таныстым, ол жігіттің болашағы зор. Біз бақытты боламыз. Мен сені жақсы көрмеймін.

 

Бір жасар Елнұр бір жыл бойы шешесін айына бір-екі рет ғана көріп, он бес жасар əпкесі Жансұлуды «Мама» деп өседі.

 

Зина қала мен ауылдың екі ортасында бір жыл жүреді. Өзінің «жаңа » жігіті ажырасқанша күтіп жүр екен. Өзінен он жас кіші жігітті отбасынан ажыратып, екі баласын тірі жетім қылады. Ал Зинаның бес баласы ше? Олардың жағдайы тіптен қиын еді. Отбасындағы бар ауыртпалық қаршадай ғана он бес жасар Жансұлудың мойнында болды. Зағип əжесін бағу, пеш жағу, тамақ пісіру, төрт бауырын қарау, кір жуу, үй жинау т.б. бітпейтін үй шаруасы. Сабаққа бір күн барса, бір күн бармайтын.

 

Зина ауылға айына бір келетін, қақпаның алдына тоқтап, балаларына тəтті-тұтты ұстатып, үйге де кірмей, зу етіп қайта кететін қалаға.

 

Осылай ол ай сайын балаларын қақпаның алдында жылатып кететін. Балалары: «Мама !» — деп қанша айқайласа да, ортаншы қызы мен ұлы машинаның артынан ұзақ уақыт жүгірсе де, Зинаның тас жүрегі тек қаладағы жас жігітін аңсап тұратын.

 

Үш жыл өтті Зина үйінен кеткелі. Балалардың көз жасы Зинаны бақытты қылды ма? Əрине, ЖОҚ!!! Зинаның бақытты өмірі ұзаққа созылмады. Оның «жаңа» жігіті Зинаның БЕС баласы бар екенін білгенде, Зинаға деген сезімі бір минутта өшеді. Үш жыл бойы балаларының бар екенін жасырған əйелді жек көріп кетеді. Өзінің қандай ақымақтық жасағанын түсініп, өзінің əйеліне, екі баласына қайта қосылады.

 

Зина үйіне оралды ма? Жоқ. Тас жүрек Зина қалада не бітіріп жүргенін ешкім білмейді. Алаяқтық жасап, істі болғанын естиді ауыл халқы.

 

Ай сайын машинаның артынан қазір бес жасар Елнұр да жүгіреді:

 

— Мама! Мама, кетпеші! Мама, мен сені жақсы көремін, МАМА!!!

 

Иә, ата-ананы ешкім өзі таңдап алмайды…

 

Зина өмір бойы жас жəне əдемі боламын деп ойлап жүрген болар.

 

Тəн сұлулығының керегі не, жан сұлулығы болмаса???

 

Баланың көз жасы ешқашан жібермейтінін ұмытпайық, адамдар!

 

Ақсұңқар Әубәкірова
ikerim.kz/




Көрілген: 4817    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.08.2020, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31