Отбасы - ошақ қасы

Екі жігіттің қайсысын таңдарымды білмеймін...

  • © astrou.ru

    © astrou.ru

Менің санамды мың ойландырып, толғандыратын бip "жағдай" жанымды жеп, осыдан шығарға амал таппай келемін. Әрине, әркімнің басында болатын жағдай... Бірақ, сіздерге жазып, ойларынызды бiлгiм келеді. Мүмкін, сіздердің жазған пікір мен ойларыныңызга қарап бір шешім кабылдармын.


Өтінемін, соңына дейін оқыңыздаршы!!! Менің жасым 20-да. Аллаға шүкір, ата - анам бауырларым бар. Студентпiн. Алла бұйыртса, бiтiргелi жатырмын. Мектеп оқып жүргеннен берi жүрген жiгiтiм бар едi.Алдағы қаңтар айында жүргенімізге 5 жыл толар едi... Бірақ, соңғы жылы көп ұрысып, айырылыса бердік. Оның сөздері, қылықтары жүйкеме тиіп, жынымды келтіріп, сезімім суйи бастады. Екеуміздің де ата - аналарымыз танитын бізді... Әр мейрам, туылған күн болсын бip - бipiмiзден ештеңе аямай сыйлықтар беретiнбiз.(маган ұялы телефон, духи сақина, жұмсақ ойыншық бәрін берді).


Жігітіммен бірде жақсы, бірде ұрсысып қалып жүргенімде әпкемнің тойында 28 жастағы бір жігітті көріп, ұнатып қалдым. Гитарамен өлең айтып, ортаны жайната білетін жан екен. Менімен танысып, жақсы сыйлап, кһөңіліміді табуға тырысып бақты. Өзім де ұнатыа қалған соң мен ештеңеге қарамай сол баламен жүріп кеттім, әлi де жүріп келеміз. Сәуір айынан бері кездесіп жүрміз. Бірақ ортасында айырылысып бұрынғы жігітіме қайтып барған күнім де болды.и Бірақ осыдан 1-2 ай бұрын бұрынғы жігітіме де жыным келіп тастап кеттім, Сол кезде атымды айтып, неге менi кинайсын айтшы деп жылап звондады. Олай өтірік сөйлеме деп қоя салдым. Содан кейін ол да менiмен журмеймiн деп шешіпті, кайта бармаймын деп...


Қазіргі жүріп келе жатқан жiгiтiм - тұрмысы төмен, жұмысы жок тұрақты, ең жаманы үйленіп, ажырасқан. Алайда бұнысына қарап тұрған жокпын. Алған әйелі пәкпiн деп алдап тиіп, уйленгеннен кейін шынын айтқан екен деседi, Жігітім шайтанның суына құмар, (бірақ акылымды айтып, бұл суды қазір ішпейди, койдырдым) ашуы жаман, өзіне ""Сiз"" деп сыйлап сөйлеймін. Өте қызғаншақ, кызганса көзi кормей қалады өзі де солай айтады. Бірақ, екеуміз бiр - бiрiмiздi өлердей сүйеміз, оның үйіне барып , анасымен таныстым. Барi жақсы, енді ол жұмыссыз, кездесуге суйгендiктен мен барамын, қолыма барымды алып барамын анасына мәз болсын деп, (анасы үлкен кiсi, ауылдың баласы) құрбыларымнан ұяламын кешегі сәуірденн берi мен барып жүрмін, ол бірде бiр рет келген емес көруге, жұмысқа тұрған соң өзi келеді ғой кездесуге деп. Жанына батпас үшін уақытша қиындык деп ойлап, ертең көтеріледі, сол кезде байимыз деп армандаймыз. Жігітімді тастап, жаңа өмір бастайын десем, оны бар жаныммен сүйем. Сонымен бақытты болғым келеді, алға қойған мақсаттары бар, соған жетуге көмектесіп, бірге қасынан кеткiм келмейді. ол бала барынша жоқшылықта келе жатыр, арамызда ешқандай жаман тiрлik жок,..


Оны сүйгендiктен, бәріне көз жұмып армандарына жету үшін жүре берейін бе? Кейде бұрынғы жiгiтiме ешкім жетпейдi деп те ойлап коямын мен ақымақ. Кейде бұл шайтаннын азғыруы, көнем, барi жақсы болады деп те коямын.


Сіздер не дейсіздер?


Майра, Астана

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1563    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31