Отбасы - ошақ қасы

Екі жыл жүріп, ешбір себепсіз, үнсіз басқаға үйленіп алды

  • Екі жыл жүріп, ешбір себепсіз, үнсіз басқаға үйленіп алды

    Екі жыл жүріп, ешбір себепсіз, үнсіз басқаға үйленіп алды

 Армысыздар! Адам бір адамды қатты сүйсе, содан өзге ешкім көзіне көрінбейді деген рас сияқты. Екі жыл бойы адамды алдап, екі жыл бойы мені босқа үміттендіріп кете барды. Қазір маған бəрі мəнсіз. Сүйген жігітім үшін екі бірдей кредит алып бердім. Ағаларыма айтып жұмысқа тұрғыздым. Ата-анаммен таныстырдым.

Жасым жиырма тоғызға келгенде лақтырылған бір түрлі сезімді бастан кешу қиын болып жатыр. Менің жайымнан құлағдар болған құрбыларым күнде қоңырау шалып, телефонға байыз таптырар емес. Көрген адамның бəрінің бір сұрақты қоятынынан қажыдым. Көңілімде жек көрушілік сезімі сəт сайын үдеп барады. Не істесем дұрыс?
     Ата -анаммен таныстырғанда алғашында оны жақтыра қоймаса да, менің көңілім үшін,өзің бақытты болсаң болды, содан басқа ешкім көзіңе көрінбейді ғой осы күні деген. Ұзатамыз деп тойға дайындалып, жасауымды анам қуана жүріп жасауға кірісіп те кеткен болатын.

Енді оның үйленіп кеткенін қалай айтарымды да білмеймін. Бар ойы менің бақытымда болып, тек бақытты болсаңдар болды деп, анау-мынау кемшіліктерінің бәріне көз жұма қараған. Тапталған сезім, үкілеген үміт, болашаққа деген сенім бәрі бір күнде қираған сияқты. Жігіттің соңы ма дейді бір құрбым. Әлі-ақ өз бақытыңды табасың дейді екіншісі. Бірақ.мен үшін бір-ақ адам барын, олсыз өмірімнің мәні жоғын түсіндіре алар емеспін. Екі жыл жүріп, ешбір себепсіз, үнсіз үйленіп алғаны да түс сияқты. Жаным жаурап кетті. Сенімім жоғалды ...

 




Көрілген: 2012    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.07.2020, 14:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31