Отбасы - ошақ қасы

Елдің сөзінен қорқып аз ғана ғұмырды жылап өткіземін бе?

  • Елдің сөзінен қорқып аз ғана ғұмырды жылап өткіземін бе?

    Елдің сөзінен қорқып аз ғана ғұмырды жылап өткіземін бе?

 Сәлеметсіздер ме!  Өмірде мен ғана бақытсыз, мен ғана жолы болмаған бейбақ сияқтымын. Айналамдағылардың бәрі бақытты. Қамсыз,уайымсыз. Риясыз күле алады. Ал мен жалғызсырап қиналып жүрмін...

Жолдасым үнемі ұрып, қыспақ көрсете бергесін міне бір ай болды төркінімдемін. Күйеуге ұнатпай шықтым. Бір көрдім, екінші көргенде алып қашып кетті. Оның өзінде сезім болды ма, мені ұнатты ма, оны да білмеймін. Бар білетінім, күйеуімнің аузы ішімдіктен босамайды. Ерлі-зайыпты болып шүйіркелесіп бір дастархан басында шәй ішкен емеспіз.

Үйге келген соң күйеуім кешірім сұрап артымнан іздеп келмеді. Бір-ақ рет келді, онда да мас болып келіп аузына келгенді айтып кетті.

Ал туған ағаларым “Барасың, өз тапқан байың. Біз қосқан жоқпыз. Байдан қайтып келген деп біздің атымызды шығарасың” деп күнде айқайлайды.

Әр адамның өз құқығы бар ғой, бірақ менің жәйім ешкімді алаңдатпайды. Ертеңгі күнім не болмақ? Елдің сөзінен қорқып аз ғана ғұмырды жылап өткіземін бе? Әке-шешем болғанда бұлай қиналмас па едім? Анам болса маңдайымнан сипар ма еді?

Күйеуімнен қатты қорқамын. Ол өте дөрекі адам, өлтіріп тастаудан да тайынбайды. Өзімді құны жоқ, арзан бірдеңе сияқты сезінемін.

Мені ол үйге шашыңды жұлып отырып апарып береміз дейді. Олай болып жатса, мына өмірмен қоштасамын ба, басқа амал көрмей тұрмын...

Мейрамгүл

Жаңа Өзен қаласы
 

 




Көрілген: 1608    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.07.2020, 18:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31