Мен қазір жарылатын шығармын сағыныштан. Сіздермен бөлісіп, аздап болсада жеңілдегім келіп отыр. Мен 1 жыл бұрын ажырасқанмын. Арада қызым бар. Бізге себеп анам мен енем. Анам менің, енем күйеуімнің миын жегендіктен ажырап отырмыз. Түсініп отырған шығарсыздар. Енем мені, анам күйеу баласын жек көреді. Бірақ мен енеммен тұрамын. Анаммен сөйлеспей қоюға болады. Бірақ енемнен қаша алмағандықтан ажырастық. Бір- бірімізді сүйеміз. Маған келіп тұрды, қызын көріп тұратын. 3 ай хабарсыз кетті. Міне тағы звондап қайтасың ба дейді. Мамаңшы десем, бірақ олар тағы бастайды. Біз бəрібір бақытты болмаймыз. Қоя салайық дейді. Не істерімізді білмей жүрміз. Енді жүрегім ауырып жатыр. Қанша ұрсада, соқсада сүйемін оны. Анам мен енемді қалай көндіреміз? Ешкім түсінбес менің жағдайымды. Қиналғаным соншалық ойымда шашырап кетті..
Аноним