Отбасы - ошақ қасы

Енемнің қылығы қажытып бітті...

  • © jv.ru

    © jv.ru

Әркімнің басында түрлі жағдайлар болады ғой. Ал менің оқиғам сол әдеттегі келін мен ненің арасындағы келіспеушілік.


Менің жасым 21-де. Тұрмыс құрғаныма екі жылдай болып қалды. Аллаға шүкір 4 айлық қызым бар. Ата- енеммен бірге тұрамыз. Күйеуім 3 қыздан кейінгі жалғыз бала (3 қайынәпкем бар), ең үлкен қайынәпкем ажырасқан. 1 ұл 1 қызы бар, бізбен бірге тұрады. Нақтырақ айтқанда, қайынәпкем 11 жылдан бері осы үйде тұрады.


Менің мәселем енем мен осы қайынәпкемде. Келін болып түскелі тыныштық жоқ, келіннің міндеті қандай болса, бәрін қолымнан келгенше жасап жатырмын, оны міндетсінбеймін, әрине. Бірақ енемнің көңілінен шыға алмай-ақ қойдым. Бүкіл тірлігіме араласа береді.


Төркінімнен біреу келейін десе, келмесін звондап айт, күте алмаймыз дейді. Өзінің туыстары болса, ештеңеге қарамайды бүкіл тірлікті маған жүктеп қояды да (қонақ күтетін кезде) өзі TV қарап отырады. Ең болмаса, қызыма қарап отырса болады ғой.


Күйеуімді менен қызғана береді. Жалғыз бала болған соң шығар. Төркініме барайын десем жібермейді. Арасы екі-ақ сағаттық жол. Маған ит қатын, жарым, жарты ми деп сөйлейді. Одан қалса, қайынәпкем шағыстырып отырады енеме жамандап мені. Ешқайда шығармайды, мені тіпті күйеуіммен отырыс, той дегендерге жібермейді. Өзі барып келе берсін ол еркек сен қатынсың, сен үйде отыруың керек дейді. Мені құл сияқты көреді.


Артымнан келген дүниелерімнің жартысын қыздарына беріп таратып бітті, тіпті көрпе - көпшігіме дейін.


Күйеуімнің, қайынатамның көзінше маған жаным, жаным қызым деп сөйлеп өзгеріп шыға келеді. "Апа неге өйтесіз?" десем, жұрттың көзінше жылап концерт қояды.


Не істейін әпкелер? Ақылдарыңызды айтыңыздаршы. Шаршадым енемнің екіжүзділігінен.




Аноним  




Көрілген: 2676    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.07.2019, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31