Отбасы - ошақ қасы

Ер адамдар әйелдің төсіне не себепті қызығады

  • Ер адамдар әйелдің төсіне не себепті қызығады

    Ер адамдар әйелдің төсіне не себепті қызығады

Ғалымдар ер адамдардың әйелдердің төсіне не себепті қызығатынын білу үшін, ерекше зерттеу жасады. Мамандардың айтуынша мұндай зерттеуге ер адамдармен бірге әйелдердің өзі де қатысқан екен деп жазады KAZ.NUR.KZ mk.ru-ға сілтеме жасап.

Зерттеу барысында, бір қызығы әйелдер де ер адамдар сияқты төстің пішіні мен оның төменгі жағына баса мән беретіні анықталыпты.

Десе де ер адамдардың арасында әйелдер омырауының жоғары жағына, жалпы олардың пішініне мән бергендер де табылыпты. Ғалымдардың сөзінше зерттеу нәтижесінде, оған қатысқан ерлер мен әйелдердің көрсеткішінде айтарлықтай айырмашылық болмаған.
Мамандар мұндай зерттеу әсіресе әйел адамдардың төсіне ота жасайтын пластикалық хирургтерге пайдалы дейді.

Себебі олар осы зерттеудің нәтижесінде, әйел адамның төсінің пішінінің өзгеру себебін тез анықтай алатын болады дейді. Олар зерттеуді қай пішіндегі омырауға ерлер қызығатынын білу үшін жасамадық деген болжамды айтып отыр.

Зерттеу нәтижесі Plastic and Reconstructive Surgery журналында жарияланған.

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар әйелдердің төс пішінінің үлкен болмағаны үшін, күйзеліске түсетінін жарияланған еді. Олар тіпті төс пішінінің өзгеруінен әйелдер психикалық ауруға шалдығуы мүмкін деген болжам айтқан.




Көрілген: 16434    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 23:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31