Отбасы - ошақ қасы

ЕРКЕКТІ ҚИНАУҒА БОЛМАЙДЫ - ​жыныстық қатынаста БҰҒАН мән беру керек

  • ЕРКЕКТІ ҚИНАУҒА БОЛМАЙДЫ - ​жыныстық қатынаста БҰҒАН мән беру керек

    ЕРКЕКТІ ҚИНАУҒА БОЛМАЙДЫ - ​жыныстық қатынаста БҰҒАН мән беру керек

Кім айтты жыныстық қатынас үшін еркектер уайымдамайды деп?! Олар да әйел сияқты қипақтайды, іштей сенімсіздік болады... деп жазды ERNUR.KZ

Сондықтан оларға да кеңес, қолдау керек. Сол себепті де еркектерге бүгінгі ұсынар кеңесіміз ұнайтынына және оны әйелдер де есте сақтайтынына сенеміз.

ТОЯТ табуды мен ОРГАЗМмен өлшеуге болмайды

Есте сақтаңыз: әйел мен еркектің бір-бірін қанағаттандыратын тәсілі көп. Сондықтан да жәй ғана жыныстық мүше арқылы енумен ғана шектелу немесе солай ойлау дұрыс емес. Өзіңізге қайсысы ұнамды, қайсысынан қанағат тауып, ләззат ала аласыз, сонысын таңдаңыз. Бірақ оны жұбайыңызбен келісіп, сөйлесіп, басын ашып алғаныңыз дұрыс болады. Сонымен қатар, қауіпсіздік жағын да, шекарадан тым шығып кетпеуді де ойлап қойғаныңыз мақұл.

Әйел ОРГАЗМ АЛМАСА оған ЕРКЕК қана кінәлі емес

Төсекте барынша мұқият әрі әйелдің қалауын орындаса да ол оргазм ала алмаса, еркек кінәлі емес. Ол үшін еркек өзін «жаман күйеу» санаудың да жөні жоқ. Мүлде оргазм ала алмайтын адамдар бар. Сондай-ақ, жыныстық қатынас деген еркек пен әйелге ортақ, оған екеуі де күш салуы тиіс. Тағы бір айта кетерлігі, оргазмды тек жыныстық мүше ғана емес, басқа да аймалау сияқты тәсілдермен де сезінуге болады.

Төсекте ҰЯТ емес

Көп жұптар жыныстық қатынасты жақсарта түсетін қажетті заттарды қолдануға ұялады. Тіпті, мүшеқапты қолдану қажет болса, соның өзін «қажет» деп айтудан ұялатын да жұбайлар болады.

Тек мүшеқап қана емес, жыныстық мүше құрғап кеткенде қолданатын арнайы майлар бар. Иә, оны қолдану ұят емес. Керісінше, ондай жағдай болғанда ұялғаннан қолданбай жарақат алу ұят.

Кез келген жұбайлар арасында мұндай жағдай орын алады. Сондықтан жыныстық қатынас кезінде мұндайды ашық айту мен ұсыныс жасау тек екеудің ғана арасындағы әңгіме.

Кинодағының барлығын жасау қажет емес

«Еркек болған соң бәрін істеп көру» міндетті емес. Еркектер де өзіне ұнамайтын «позаларды» айтуға, оны жұбайымен талқылап ортақ шешімге келуге хақы бар. Солай болуы керек те.

Ал эротикалық фильмдегінің барлығын жасап көруге ешкімге міндетті емес. Ұнай ма, жұбайы немесе серігіне ұсынып көру керек. Ұнамаса, бас тартуға құқылы. Әйелге ұнаған өзіне ұнамай тұрса, амалсыз жасау бойдағы құмарлықты өшіруі мүмкін.

«ЕРКЕКПІН» деп 2 сағатқа созу – ақымақтық

Жыныстық қатынаста «ұзаққа шабамын» деп әйелдің алдында өзін супермен етіп көрсету нағыз ақымақтық.

Адам болған соң ет пен сүйектен жаралғанның барлығы шаршайды. Жүрекке, буындар мен қанайналымына күш түсіретін жыныстық қатынас фитнес орталығындағы жаттығу сияқты. 20 минут өткенде өкпе де алқына бастайды.

Өзін керемет күшті санап, әйелге мықты көрінуге тырыспаған жөн. Мүмкін әйел 5 минуттың өзінде қанағаттанып, ләззат алып үлгерген болар? Бәлкім еркектің «ұзағына» әйел амалсыз көніп жатқан болар?!

«Ұзаққа шапқанның» барлығы мықты емес екенін естен шығармау керек. Тіпті, 2 минуттың жыныстық қатынастың өзінен ләззат алуға, тоят табуға болады.

Түрлі дереккөздерден жинақтаған:

Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ




Көрілген: 5583    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 00:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Шілде, 23:38
    Көгілдір көзді қыз
    18 Шілде, 00:13
    Енем мезі етті
    3 Шілде, 11:52
    Екеуін де сүйемін
    10 Маусым, 09:11
    Байлыққа қызығып,...
    31 Мамыр, 12:57
    Ана сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31