Еркекті ҚОЗДЫРУдың 4-ақ тәсілі бар

Еркекті ҚОЗДЫРУдың 4-ақ тәсілі бар

Әсіресе, көлік пен теледидардан басқаға назар аудара бермейтін, «зомбиге» айналып бара жатқан еркекті қалай селт еткізу керек?

Әйел «ӘЙЕЛ» бола алмаса, ол да жақсы емес. Басқаның бәрін былай қойғанда, еркектер үшін әйел төсекте де «әйел» бола алуы керек...

Бүгінде «жүрегіне баратын жолды» еркектер басқа жаққа өзгерткен тәрізді. Бұрынғыдан тек «асқазан арқылы» барса, әйелдер «адасып қалуы» әбден мүмкін. Сондықтан, еркекті елітетін қылығы мен еркелігімен үйлескен қулығы да болуы керек. Әсіресе, еркекті қоздыра алатын, сол арқылы өзіне деген қалауын арттыра алатын әйелдер ұтатын көрінеді.

Жас, тән мен сезім рахатының дәмін енді ғана татып жүргендерге бұл турасында кеңес беру артығырақ болар. Ал бірнеше жылдар бойы бір төсекте жатқанмен, сезімдерінің «температурасы» төмендеп қалған, «әу» дегеннен «отала қоймайтын» жұптарға нендей кеңес беруге болады?

Әсіресе, көлік пен теледидардан басқаға назар аудара бермейтін, «зомбиге» айналып бара жатқан еркекті қалай селт еткізу керек?

Мәселен, психологтар қай кезде де еркекті қоздыратын 4-ақ тәсіл бар екендігін алға тартады.

Қыздай болмасаңыз да, сымдай...

Бұл жерде еркектердің әдемі әйел көрсе есі кетіп, аузынан сілекейі шұбыратын «табиғи жаратылысы» баса рөл ойнап тұр. Әсіресе, әйелдің келбеті қашанда басымдыққа ие болатын көрінеді.

Статистика бойынша, еркекті еліте түсетін әйелдің тұманды көз жанары, томпақ ерні – бірінші орында. Одан кейінгі орында әйелдің дөңгелек бет жүзі мен иықтан төгіліп түсіп тұратын шашы.

Шаш демекші, кез келген еркекті әйелдің орташа ұзындықтағы шашы қатты қоздырады деген тұжырым жасапты мамандар.

Бірақ, бірнеше жылдар бойы бала туып, сымбатының ой-шұңқырының барлығы күйеуіне мәлім боп қалған әйел не істеуі керек?

Бір ғана жол – қыздай болмаса да, сымдай тартылу. Иә, мүсінді қалпына келтіріп, омырауды көтеріп, белді жіңішкерткенде еріңіз өзі-ақ елтіп кетеді.

«Әй!» дегенді «ау, жанымға» ауыстырып көріңізші...

Тағы да сол мамандар еркекті қоздыруда әйелдің дауысы ерекше рөл ойнайтындығын алға тартады. Телефонда сөйлескенде дауысының өзінен басы айналып, құлай ғашық болатын, тұтқаның арғы жағындағы нәзік дауысты жан иесін құшқысы келетін көрінеді. Сол дауысына қарап-ақ еркектер өз қиялындағы бейнені жасап алуға шебер екен. Еркектердің бәріне ұнайтыны – әйелдің ойнақы, тереңнен шығатын нәзік дауысы. «Әй!» дей берсе, сайтан да селк ете түсіп, жолағысы келмей қалатыны анық. Даусыңызды жұмсартып, сәл ғана әндете сөйлеп көріңізші еріңізге?! Әсіресе, кешкі астан соң...

Гамажды – шұлыққа айырбастайтын уақыт келді

Кез келген өңсіздеу әйелді әдемі әрі дұрыс таңдалған киім ханшайымға айналдырып, танымастай өзгертіп жіберетіні анық. «Адам көрі - шүберек» деген бекер айтылмаған, ол еркектің есін жаулап алуда да тамаша тәсіл.

Бірақ киімнің де артық кеткенде кері нәтиже беретінін ұмытпаған жөн. Дене мүшесінің бір ғана жеріне ерекше мән беріп, қалған жағын құпия сақтайтын киімдер еркекті бей-жай қалдырмайды. Мәселен, жай ғана спорттық киімнің өзін алайық. Әдемі кеудені одан сайын айшықтап тұратын үлгісін таңдап, шалбарын кеңдеу әрі онша көзге түспейтіндей етіп кисе, еркектерді одан сайын қызықтыра түседі. Сол сияқты, омырауды, ұзын мойынды жаба киіп, тек бөксені айшықтап көрсететін көйлек те еркектің есін жаулай алады.

Мейлі делік... Күнде көріп жүрген еріңізді немен таңғалдырамын дейсіз бе? Бұрын кимеген стилді байқап көріңіз. Бұған дейін тек спорттық немесе классикалық үлгіде киінетін бе едіңіз? Енді оны басқасына ауыстырып көріңізші. Иә, жәй ғана киіну үлгіңізді ауыстырсаңыз, жетіп жатыр.

Оны үйде емес, қонаққа барғанда іздеңіз...

Әйелдің қылығы мен еркелігі, кез келген ортадағы әрекетінің өзі еркектер үшін басты назарда болады.

Еркектердің ешбірі «гиперсексуалды» немесе тым еркін әйелді ұнатқан емес, ондайлар бірен-саран ғана. Сол сияқты, өз қағидасына ғана «қатып қалған», қабағы ашылмайтын «робот-әйелдер» де олардың қалауын аша алмайды. Ал әзілі жараса білетін, өзін сенімді ұстап, жеңіл ғана ойнақы жүретін әйелдерді ұнатпайтын еркек кем.

Бас салып орынды-орынсыз әзілдеуден аулақ болыңыз да, еріңізбен қонаққа барғанда тек әйелдердің арасында өсек айтып, айдалағы біреулердің өмірін әңгімелеп қайтпай ортақ әңгімеге араласып, қабағыңызды ашып көңілді отырыңызшы. Арасында еріңізді іздегендей әрекет жасап, оны қабағыңызбен іздеп қойыңыз. Көздеріңіз түйісіп жатса, кірпік қағып қоюдың нәтижесін үйге ертерек қайтқысы келіп қалғанынан-ақ байқауға болады.

Қай жаста болмасын, ерінің өзіне деген сезімін суытып алғысы келмейтін әйел үшін тым әріге барып, ессіз қылықтар жасаудың қажеті жоқ. Тек осы 4 кеңесті ұстанып отырса, сезімге де селкеу түспейді, төсек те суымайды.

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста