Отбасы - ошақ қасы

Еркектер қанша жасқа дейін балалы бола алады?

  • Еркектер қанша жасқа дейін балалы бола алады?

    Еркектер қанша жасқа дейін балалы бола алады?

Өткен жаз аса ыстық болды. Ал жаздың соңғы күндеріндегі жаңалық одан да «ыстық» болған сияқты: жұрт жаппай халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың тойын талқылап жатты. Бұған себеп әнші мен оның жұбайының жасы. Сосын... Жадыра жеңгейдің балалы болу туралы тілегі. Аптаға созылған алып-қашпа сөзге тұздық бол­ған да тап осы мәселе – ер адам сексен жаста балалы бола ала ма? 


Бұл сұрақтың жауабын біз де іздеп көрдік. Көпшілікпен бөлісейік: 


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әйелдердегі репродуктивті жас, яғни балалы болу мүмкіндігі 34 жылға созылады дейді. Ол 15-49 жас аралығын қамтиды. Одан кейін әйелдер балалы болу мүмкіндігінен айырылады. Мейлі ол 80 жас, тіпті 100 жыл жасасын, климакстан кейін әйел адам балалы бола алмайды. Әйел үшін бала көтеру мен жүктілікке қолайлы деп 20-35 жас аралығы аталады. Ал 35-тен асқан соң денсаулығы жақсы болса да, әйелдердің бала көтеруі мен оны босануы ауыр, қатерлі саналады. Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 40 жас­қа таяғанда туған әйелдердің 40%-нда баласы Даун секілді ақыл-естің дамымауы ауруы барын айтады. Бұл медицинамен дәлелденген, өмірдің өзі ай­ғақтаған анық жай. 


Сол сияқты, ер адамдарда да балалы болуға қолайлы, сонымен қатар қатерлі жас бар. 


Француз ғалымдары сперматозоид сапасының 35 жастан кейін әлсірей бастайтынын айтады. Ал 43-тен асқан ер адамнан бала көтерген өзі шамалас әйелдерде түсік тастау қаупі артады. Ер адамның жасы ұлғайған сайын спермотозоидтың қозғалу жылдамдығы азая түседі. Яғни еркектің жасы мен өмір салтына қарай онда өлі ұрық көбейеді. Сөйтіп 55 жастан кейін олардың ұрықтандыру қабілеті тоқтай бастайды. «Алпысбайлар» өте сирек, өмір бойы саламатты өмір салтын ұстанған ер адамдарда ғана, онда да 32-ден аспаған әйелдерде туылады дейді. Себебі саламатты өмір салты ағзаның биологиялық өзгерісін тежей алмайды. Жылдар өз дегенін жасайды. Адам қартаймай тұрмайды. 


2002-2006 жылдар аралығында әлем­нің әр еліндегі, әр жастағы 12 мың жұпқа зерттеу жүргізген Француз ғалымдары түсік тастау күйеуі 35-тен асқан әйелдерде көп болатынына көз жеткі­зіпті. Денсаулығында ешқандай кінәрат болмаса да 40-тан асқан ер адамдардың 33%-нда әйелдері түсік тастауға бейім келеді екен. 


Мұндай зерттеуді басқа да елдің ғалымдары жүргізген. Репродуктологтар, эмбринологтардың ұзақ жылғы зерттеу­лері бір арнаға тоғысады: әйелдер – 49, ер адамдар 55 жастан кейін балалы бола алмайды. Бұл жаста ер адамдардың ұрығы жасанды ұрықтандыру – ЭКО үшін де жарамсыз екен. Өйткені ол әлсіз, «өлі». 


Десек те өмірде «Алпысбайлар» мен өте сирек жағдайда «Жетпіс­байлар» кез­десіп тұрады. Мәселен, атақты рок-музыкант Мик Джаггер 2016 жылы – 73 жаста сегізінші перзентін сүйген. Белгілі «комик» Стив Мартин 2012 жылы – 67 жаста тұңғыш рет әке атаныпты. Әйгілі режиссер А.Кончаловский бесінші некесінен 66 жасында ұлды болған. 


Ғаламторда 80 жаста әке атанған адамдар жайлы да дерек бар. Аз. Бірақ осы «сенсацияның» өзін көп ұзамай ресми деректер жоққа шығарған. 


Ғалымдардың ізденісі мен өмірдің өзі дәлелдеген деректерге негізделген біздің аз-кем «зерттеуіміз» осылай аяқталады. Дегенмен, кім білсін, адамнан ниет болса, Алланың құдіреті шексіз емес пе?.. 


Ж. ҚАСЫМ.

www.zamana.kz




Көрілген: 4806    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.10.2019, 13:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31