Отбасы - ошақ қасы

Еркектер неге қатыгез болады екен?

  • Еркектер неге қатыгез болады екен?

    Еркектер неге қатыгез болады екен?

 Арма, ағайын! Мендегі мəселе - күйеуім. Екі жыл бұрын бір тал інімнің денсаулық жағдайы нашарлап, ініме қарауға мəжбүр болдым. Сол інімді қараймын деп, күн сайын Ақтаудан- Бейнеуге барып жүрдім. Анам мен əкеме ауырлық түспесін деп, туысқаныма қарап барынша қолдан келген көмегімді бергім келген.Бірақ,сол жағдай күйеуіме жақпады. Екі күннің бірінде үйіме баруым оған ұнамады. Бəрін түсіндіруге тырыстым. Түсінгісі келмеген адамға мың жерден түсіндірсең де пайда жоқ.


Сол кезде мен де екі таңдау тұрды. Екі жол. Қайсысын таңдасам да оңай болмасын ұқтым.Бір жағында ауру інім,кәрі ата –анам,екінші жағында жан жарым . Ақыры, шешім қабылдап ажырасып тындық. Мен шарасыз болдым.Ауру інімді, кәрі әке –шешем қарай алмайтын.Інімнің көзін жаудыратып, есікке қаратып бармай қоюға дәтім жетпеді.


Күйеуім көп ұзамай үйленіп алды. Ал мен,оны қатты сағынып жүрмін.Жүрегімді олсыз өмірге үйрете алмай қиналып біттім. Күйеуімді қатты сүйемін. Көргім келеді де тұрады.

Тəнім қалайды.Түн баласы көзім ұйқы көрмейді. Бұрынғы кездерді қатты аңсаймын. Оның əрбір сөзі, қимылы көз алдымда. Өз-өзіме қарсы бола алмаудан асқан азап жоқ шығар?!...


Әйел жанының жалғыздықтан, үмітсіздіктен қатты жаурайтынын басынан өткізбесе ешкім сезінбесі анық.Жаным жаралы,көңіліме ештеңе сыймайды...


Еркектер неге қатыгез болады екен?


 


 


Аноним

el24kz




Көрілген: 2199    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.03.2019, 00:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31