Еркектің қадірін жалғызсырап жүрген әйелдер біледі

Еркектің қадірін жалғызсырап жүрген әйелдер біледі

 Мұнан жиырма жыл бұрынғы бір жәйт есіме түсіп отыр. Бір танысым алты қыздан кейін ұлды болып, бесіктойға бардық. Сондағы әкенің қуанышын сөзбен айтып жеткізу қиын. Торсық шеке ұл сүйген ананың да бақыттан басы айналып жүргені анық. Осы отбасының мұнан бір жыл бұрын шаңырағы ортасына түсуге шақ қалғанын біреулер білсе, ендігі біреулер тіпті күмәнданбас. Оның тарихы былай.

Жанармай құятын стансада оператор болып істейтін Тимурмен 90-шы жылдардың басында танысқам. Сол тұста жанармай құятын стансада танысың болмаса, көлігің жүрмей қалатынын мұндайды басынан кешкендер жақсы біледі. Екеумізді таныстырған сол мұқтаждық еді десем, өтірік емес.
Бір күні бекетке барсам, Тимур ішіп отыр екен. Әйелімен ажырасатынын айтты. «Кім кінәлі?»
- Мен кінәлі, - дейді.
- Не бүлдірдің?
- Көзіне шөп салдым - Тимурдың алты қызы барын білетінмін. Келіншегі де бір аяулы жан. 
- Не болды? Қалай болды? Түсіндіріп айтсаңшы, - деймін қапелімде ыңғайсыз күйге түсіп.
Оның әңгімесінен ұққаным &ndash бекеттің жанындағы бір үйде күйеуі қайтыс болған келіншек тұрады екен. Сол әйел шелегін көтеріп, бекеттегі колонкадан су алуға жиі келіп тұрады. Сөйтіп жүріп, бұл екеуінің таныстығы достық шеңберінен шығып кетеді. Күйеуінің жұмыста көңілдесі бар екенін «жанашыр» адамдар Тимурдың әйеліне жеткізеді. Ол айғайға басып, күйеуін үйден қуып шығады. 
- Енді қайтпексің?
- Білмеймін, бірақ үйге баруға бет жоқ менде, - деген Тимур орнынан тұрып кетті-
Келесі сенбіде бекетке тағы келдім. Тимур жұмыста екен. Мәз, екі езуі құлағында.
- Неңе жетісіп тұрсың? - деймін ештеңе түсіне алмай.
- Сен не одан да не болғанын сұрамайсың ба?
- Ал сұрадым-
- Сол күні сен кеткен соң, әлгі көрші келіншек келді. Оған болған жайдың бәрін айтып бердім. «Көлігіңді оталдыр» деді. «Қайда барамыз?» - деймін таңданып. «Сенің үйіңе». «Не істемексің?» «Әйеліңмен сөйлесемін&hellip» «Есің дұрыс па?! Менің әйелімді білмейді екенсің, шашыңды жұлып, қолыңа ұстатады», «Әуелі апаршы, барған соң көрерміз» деп қоярда-қоймай біздің үйге бардық. Мастығым тарқап кеткен. Есікті әйелім ашты да, жанымдағы келіншекті көргенде шаптығып шыға келді: «Көңілдесіңді енді үйге әкелейін дедің бе, ұятсыз». Менде тіл жоқ. Тізгінді келіншек қолына алып, «Көршілерден ұят, үйге кіріп әңгімелесейік», - деді. Мұндайды күтпеген әйелім де абдырап қалған сияқтанды. Соны пайдаланған келіншек екеуміздің арамызда болған жайды ашық айтты. «Не болған болса, болды, өтіп кетті. Еркек үйден таппаған қызығын көшеден іздейді. Мен де жесір әйелмін, осалдық таныттым. Бірақ енді қайталанбайды. Күйеуіңе ие бол» деді. Әйелімнің екі көзі ұясынан шығып кете жаздады. «Керек емес, маған мұндай бай. Алып кет» деп, дауыс көтеріп келе жатқанда келіншек тағы тоқтатты. «Бақытыңды басқа теппе! Осындай еркектер далада қалады деп пе едің. Мен сияқты байсырап жүрген талай әйел қолына кіргізіп, хандай күтетін болады. Сен алты қызбен сонда не істемексің? Есіңді жи» деген сөздерден кейін әйелім сабасына түскендей болды. «Еркектің қадірін мен сияқты байсыздар біледі. Бір еркектік жасады деп, барыңнан айрыласың ба, ақымақ болма». Сонан соң маған қарап: «Сен де бала-шағаңа қара, енді қайтып маған жолама» деді. Мен өң мен түстің ортасында тұрдым. Есімді жиғанда келіншектің үйден шығып бара жатқанын бір-ақ байқадым. Содан бері үйдемін, - деп қутың-қутың етеді. 
Мен осы бір көңілсіз оқиғаның соңы жақсылықпен аяқталғанына қуандым. Арадан жыл өтер-өтпестен Тимур хабарласты. «Мен ұлды болдым, бесіктойға келіңіз» деп тойға шақырды. Барып құттықтадым, сәбиге Әли де ат қойыпты. Бұрынғы өкпе-наз ұмытылған, жұрттың бәрі бақытты көрінді маған.
Иә, әйелдің қолынан бәрі келеді!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста