Еркектің қуатын арттыратын 5 дәрумен

01 мамыр 2022, 15:36

Бұл туралы ақтаулық флеболог дәрігер Нұрғазы Құрманәлі өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Ер адамның денсаулығы мықты болуы үшін ағзаға ең маңызды бес дәрумен қажет. Бұлар қандай дәрумендер?

 

Ер азаматтардың қуаты мықты болуы үшінбес дәрумен қажет. Олар —Д3, магний, цинк, В тобының дәрумендері мен полипренолдар.

 

Д3 дәрумен ұрықтың қозғалғыштығы мен сапасын жақсартса, магний күйзелістің алдын алып, шаршауды басады.

 

Ал цинк ер адамның қуатын арттырады.

 

В тобының дәрумендері темекіге құмарлықты азайтып, полипренолдар энергияны күшейтіп, бауыр мен өт жолдарының жұмысын жақсартады.

 

Әлеуметтік желі оқырмандары дәрігер салған видеоны пайдалы болғанын айтып, кеңес сұраған.

 

Тіпті бірі енді қуатын арттыру үшін цинк ішетінін жазыпты.