Ерлер төсек қатынасы үшін қандай сұлуларды таңдайды?

24 ақпан 2022, 19:59

Танымал тиктокер Андрей Назаров төсек қатынасындағы тәжірибесі жоқ әйелдерге кеңес беріп, арманындағы ер адамды қалай уысқа түсіруге болатынын айтты. Оның айтуынша, қыз-келіншектер осы кеңесті ұстанса, кез-келген ер адам одан бас тарта алмайды, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Қыздар, қолдарыңа қағаз алыңдар. Егер ер адамның көңілін жаулаймын десеңдер, өте сақ әрекет ету керек. Ең алдымен ұяңдықты ұмытыңдар, екіншіден, ұятты көрінбейтін жерге жасырып қойыңдар, — дейді блогер.

 

Блогердің түсінігінде еркектер өте батыл және еркін әйелдерді жақсы көреді. Әсіресе, төсек қатынасына келгенде, әйелдің осындай күйде болуы ерлердің қалауына жаға түседі.

 

Төсек қатынасында еркек өзіне сенімді, бастамашы бола алатын және ләззат ала алатын әйелдерді жақсы көреді. Өзімен ойнап, қылмыңдай алатын қыздарды қалайды. Ұятты ұмытқан сайын оған ұнай түсесің, — дейді ол.

 

Әрине, оның айтуынша, ерлердің де мінезі әртүрлі. Кейбірі әйелге ләззат сыйлау үшін қолынан келгеннің бәрін жасау керек емес деп ойлайды. Яғни, әйелді ошақтың иесі деп қана қабылдайтындар бар.

 

Ерлер әртүрлі ғой. "Тек көрпе астында, жылына тек бір-ақ рет" деп ұялатындар бар. Бірақ, менің айтқаныма сен, өзіңді еркін сезінген сайын жақсы болады. Сіздің жатын орныңыз эмоцияңызды білдіріп, энергия алатын жер, — деді ол.