Отбасы - ошақ қасы

"Есінен танғанша ұрған": Алматыда болған төбелестің видеосы тарап кетті

  • "Есінен танғанша ұрған": Алматыда болған төбелестің видеосы тарап кетті

Алматы қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Алматыда екі жүргізушінің төбелесін куәгер видеоға түсіріп алды. Қымбат көлік мінген жігіт қарсыласын талдырып тастап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Әлеуметтік желіде видеомен бірге зардап шеккен жүргізушінің туыстары таратқан мәлімдеме де жарияланды. Оған сәйкес, төбелес 4 мамырда Коблукова көшесінде шамамен сағат 14:00-де болған. Infiniti көлігінің иесі жолдың қарсы бетіне шығып, Mark II-ні өткізбей қойған.

"Белгісіз себептерге байланысты ол менің ағамды есінен танғанша ұрған. Сосын оқиға орнынан қашып кетті. Біз полицияға арыздандық. Бірақ нәтиже жоқ. Ағамның ауруханада жатқанына 6 күн болды. Ешкім әлі кешірім сұрамады. Сонда заң қайда? Министрлік қайда қарап отыр?", - дейді зардап шеккен жігіттің туыстары.
Видео мен фотода зардап шеккен жігіттің қызыл Nissan-ды тіркеуге алып, сүйреп келе жатқанын анық байқауға болады.

Алматы қалалық полиция департаменті осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын мәлімдеді. Онымен Бостандық ауданының полицейлері айналысып жатыр.  

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Жарақаттың қаншалықты ауыр болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде тиісті шешім қабылданады", - дейді тәртіп сақшылары.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын да жеткізді. Қымбат көліктің иесі бірден ұсталыпты.




Көрілген: 2125    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 01:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...
    9 Қыркүйек, 01:14
    Қайынағам қырындап жүр
    25 Шілде, 23:38
    Көгілдір көзді қыз
    18 Шілде, 00:13
    Енем мезі етті
    3 Шілде, 11:52
    Екеуін де сүйемін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30