Отбасы - ошақ қасы

Хиджаб кигеніме ата-анам қарсы

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Қыздар, әпкелер, қатарлас құрбылар сіздерден бір ақыл-кеңес сұрайын деп едім. Мүмкін болса ақыл кеңестеріңізбен бөлісіп, түзу жол сілтесеңіздер екен. Менің жасым 19 да. Әке-шешем, ағаларым, інілерім бар, Аллаға шүкір.


Айтайын дегенім көптен бері жаныма маза бермей жүр. Анашым әкем екеуі өте жақсы кісілер. Мені сондай жақсы көреді. Өзіміз ауылдық жерде тұрамыз. Мен Алматыда оқимын. Алла бұйыртып, түзу жолға түстім, бес уақыт намаз бастадым. Әкем де, анам да қарсы емес. Намазды оқып бастағаныма екі жылдан асты. Ал жақында орама тағып бастадым. Бірақ менің хиджаб кигеніме ата-анам қарсы болып отыр. «Сен әлі жассын, өзіңмен қатарластарын жүр әне» деп ұрсады. Шынымды айтсам сырт көздің сұғынан гөрі үйдегілердің осындай реакциясы мені шаршатты. Мені көшеге шығаруға ұялады, үлкен апам менің орамалдарымды тығып қояды кейде. «Мені басқа дінге кіріп кетті» деп қорқып жүр. Мен түсіндіріп айттым бірақ сонда да қорқады. Сіздерден сұрайын деп отырған ақылым араларынызда намаз оқитын жандар болса ақыл беріңіздерші әкем мен анама қалай түсіндірсем болады? Жалпы орамал тағып, оранып жүру қаншалықты дұрыс? Асыл дінімізде бұл туралы не дейді?


Әрине ата-ананын ризалығын алмай болмайды дейді ғой. Мен қате істеп қойдым ба, әлде мүлдем түсіне алмай жүрмін. Өзім студентпін. Жақында сабақ басталады дегендей. Оқу орны тарапынан да теріс көзқарас бола ма деп имінемін. Өз ойларынызбен бөлісулеріңізді өтінем.




Айғаным

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1406    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 09:40
    Баламды бергім келеді
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30