Отбасы - ошақ қасы

Интимдік видеоларды көрсетемін": Үш жылдан бері қазақстандық әйелді бопсалап келеді

  • Интимдік видеоларды көрсетемін

    Интимдік видеоларды көрсетемін": Үш жылдан бері қазақстандық әйелді бопсалап келеді

Бұл менің соңғы хатым! Егер ол шешілмесе, мен не өзіме қол саламын, не Әзірбайжанға барып, Р.Г.-ны өлтіремін! Менде басқа амал жоқ", - деп басталады Жұлдыздың жазбасы.

2018 жылы ажырасқан жас әйел Атырауда құрылыс алаңында жұмыс істеген Әзірбайжан азаматымен танысқан. Олар сөйлесіп жүрген, содан кейін қарым-қатынас жақындаған. Шетелдік азамат жалдамалы пәтерде тұрған, оған кейде екі баласы бар әйел қонаққа барып тұрған.

 
Сол жылдың қыркүйегінде ер адам жұмыс істеген компания Шымкентке көшіп кеткен.

"Ол маған ара-тұра келетін. Ол менің телефонымның құпия сөзін біліп, жеке поштамның паролін өзгертті. Оның жаман ниеті менің ойыма да келген жоқ.  2019 жылы 6 наурызда ол Атырауға келіп, мені көргісі келетінін айтты. Біз ұрысып қалдық, төбелес кезінде ол маған кезінде өзі сыйлаған телефонды алып, мені қуып шығарды", - деді Атырау қаласының тұрғыны.

Содан кейін ер адам Жұлдызды интимдік суреттер мен видеоларды таратамын деп қорқыта бастаған.

 "Сол күннен бастап әр таң қорқынышқа айналды. Ол маған кез келген уақытта - күндіз де, түнде де - миымды жеді: "Егер менің айтқанымның бәрін жасамасаң, бұл бейнелерді барлық желілерге жіберемін, сені және айналаңдағы барлық адамдарды масқаралаймын", - деп жазды әйел.

Жұлдыз Instagram-ның белсенді қолданушысы, онда өзіне жақын адамдар көп болған, сондықтан әйел ер адамның шарттарына келіскен. Ол шетелдік азаматтың өзін әрдайым бақылауда ұстағанын айтады. Ер адам видеода бәрін түсіруді талап еткен: қашан тұрғанын, тамақтанғанын, қайда және кіммен жүргенін. Ақыр соңында ол әйелді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген.


"Учаскелік полицей зорлады, ал түрмеде кінәсіз жігіт отыр": Ақтөбелік қыз президенттен көмек сұрады
"Аңдар секілді денеңді тістеп, түнімен екі-үш адам зорлайды": Қытай лагерінде қамауда болған ұйғыр әйел көрген азаптары жайлы айтты
"Ата-анамның бетіне қарай алмаймын": Алматы облысында 16 жастағы қызды алты жігіт жарты жыл бойы бопсалап, зорлап келген

Жұлдыздың жазуынша, ер адам анасының, ағасы мен қызының суреттерін өңдеп, оларды Instagram-да таратып, әдепсіз сөздер жазған. Достары мен туыстары Жұлдыз бен оның анасына хабарласып, түсініктеме талап ете бастаған.

"Анам есінен танып қалды. Келесі күні біз полицияға барып, арыз жаздық. Алайда ешқандай өзгеріс болған жоқ. Барлығы мені айыптады, қорлады, мен өзіме қол жұмсауға бел будым ...", - деп жазды әйел.

Шарасыздықтан Жұлдыз көпірден секіргісі келген, бірақ анасы құтқарған. Оның арызы бойынша, кінәліні Атырау полициясы ұстаған. Бірақ көп ұзамай оны босатқан: әйел оны кешірген.

Осыған қарамастан, ер адам Instagram-да барлық таныстары мен достарының суреттерін жариялап, оны бопсалауды жалғастырған. Көршілер оның үйден тез кетуін талап еткен. Жұлдыздың анасы мектепте директор орынбасары болып жұмыс істеген, бірақ жанжал мен тұрақты күйзелістің салдарынан қызметінен кетуге мәжбүр болған.

 "2019 жылғы 3 мамырда азаматша Ж.К. - ның Әзірбайжан Республикасының азаматы Р. г. қатысты өтініші бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі "бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, ол арыз берушінің бас тартуына байланысты тоқтатылды. 2020 жылғы 7 маусымда Ж.К. жоғарыда аталған тұлғаға қайтадан арыз берді, , оған қатысты "бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің Әзірбайжан Республикасында болуына байланысты әйелге құқықтық көмек көрсету туралы бұйрық жіберілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.




Көрілген: 2196    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 08:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа
    12 Наурыз, 16:40
    Қайынағам шаршатты
    11 Наурыз, 11:01
    Мен ұмытқан сөз…
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30