Отбасы - ошақ қасы

Жалғыз менің махаббатым екеумізге аздық етті

  • Жалғыз менің махаббатым екеумізге аздық етті

    Жалғыз менің махаббатым екеумізге аздық етті

Уақыт&hellip 28 жыл&hellip Сол бір күндер көз алдымнан тізбектеліп тағы бір өтті. Жастардың әңгімесі ескі бір жараның аузын тырнап, қан жылатты.

Иә, уақыт өтсе де адамның жүрегінде қалған сезім ешқашанда өшпейді. Студенттік күндер&hellip Ол жігітті алғаш көргеннен жаныма жақын тарттым. Кездескен сайын біртүрлі мазам кетіп, жүрегім тулап, кеудеме сыймай кететін болды.

Жаксы дос, сырлас болдық. Оның сүйгені барын білдім. Қара түнекке оранғандай күй кештім. Бірақ оған ешнәрсені сездірмей, қуанышына шын көңіліммен ортақтастым. Сүйгені басқа қалада оқиды екен. Бір күндері оның ұнжырағы түскен, көніл-күйінің жоқ екенін байқап қалдым.

Содан аңгімеге тартып, жағдайын сұрадым. Сүйгенінің дұрыс сөйлеспей жүргенін айтты. Екеуміз почта бөліміне барып, қоңырау шалдық. Қызы кешірім сұрап, тұрмысқа шыққалы жатқанын айтты. О, Алла, сол кезде өмірімде алғашқы рет ер адамның козіне жас алып, қайғырғанын көріппін. Ол үшін жаным қатты ауырды. Бар жан-тәніммен оның жарасын жеңілдетуді ойладым. Сөйтіп достығымыз күннен-күнге ұлғайып, арамызда бір керемет нәзік сезім пайда болды. Өмірде менен өткен  бақытты қыз жоқ болып көрінді. Достары да мені сыйлап, ерекше құрмет көрсетті.

Бірақ&hellip! Әттең&hellip! Жалғыз менің махаббатым екеумізге аздық еткен екен!

1- ші курстан кейінгі жазғы практикадан, ол өзгеріп келді. Ол кезде 1 курс студенттері жазғы демалыста құрылысқа барушы еді, сол кезде екеуміз екі отрядқа бөлінген едік. Амал не! Сүйгенім "Кыздар институтынының" жас мұғалімімен көңіл қосқан екен. Мен мәңгіге өлдім. Қураған ағаштай солдым. Қайта көктей алмадым. Махаббат әні мен үшін өшті&hellip Бірақ, оны ұмыта алмадым. Өмір бойы онымен сырласып, қиялымда қауышып, сырласып келемін. Оған бақыт тіледім.

Иә адам болған соң өмір сүру керек. Ол да үйленді, бірақ мүлде басқа біреуге. Екі қызы бар. Мен де өзімді суйген жігітке тұрмысқа шықтым. Аллаға шукір бір қыз, екі ұлым бар. Иә мен өте бақытты анамын, бірақ махаббатсыз, сезімсіз әйелмін. Әрине жарыма разымын, әрқашан оның тілеуін тілеймін, өзімді оның алдында өте кінәлі санаймын. Бірақ табиғаттың жаратылысына ешкім кінәлі емес-ау. Өмірде махаббаттың орны бөлек қой!!! Сүйген жүрекке әмір жоқ!

Айналайын ұл-қыздар, махаббаттарынды аялаңдар! Қолдарыңдағы бақыт құсын ұшырып алмаңдар!


 el24kz




Көрілген: 3780    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.01.2021, 14:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31