Отбасы - ошақ қасы

Жалғыз ұлдың қылығы қынжылтады

  • Жалғыз ұлдың қылығы қынжылтады

    Жалғыз ұлдың қылығы қынжылтады

 Саламатпысыңдар, айналайын, қарғаларым!

Адамда ақыл болмаса, мың айтқанмен өз жолын өзі табам демесе, таба алмайды екен. Өзім талай жыл теміржол саласында жұмыс істеген апаларыңмын. Құдайға шүкір, үш қыз бір тентектеу ұлым бар. Ұлым марқұм ата-енемнің қолында өскен еді. Бетіне ешкім келмеді. Бір дегені екі болмай есер болып кетті. Міне, сол тентегімнің жайы алаңдатады.

Белі бесіктен шықпай жатып үйленді. Қазір жұмыстан қысқарған. Өткенде құлағыма қыздар салған сырғаларымды банкке салып қоямын деп алып кетті. Үйде тұрса жоғалтарсыз дегеніне мен сендім. Сөйтсем, бұл тентек ұлым менің бар алтындарымды футболға бəске тігіпті. Оны өзі айтпайды. Айт деп үйіндегі келінімді жіберіпті.

Дүние маған не керек? Қыздарым естісе, інілеріне ұрысар деумен тілімді тістеп жүрмін. Бəске дүние салу – байдың ісі ғой. Бұл бала өтірікке əуес. Дүниенің парқын білмейді. Не істесе болады?

Құмар ойынға ақша салып ойнау дегенді өз басым түсіне бермеймін. Біреулер үйіндегі барын салып, бәстесіп жатады екен. Біз заман ағымынан қалып қойдық па, сондайларды қанша түсінуге тырыссам да түсіне алар емеспін. Ұлымның да әрекеті іштей қынжылтады. Өзі жұмыссыз жүріп, құмар ойынға ақша салып ойнау не керек? Қай жерде тәрбиесінен қателік жібердім?
 




Көрілген: 2719    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 16:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31