Отбасы - ошақ қасы

Жамбылдық әйел: Өзімнен үлкен азаматқа тоқал болдым, екі бала туып берген соң бірінші отбасына кетіп қалды

  • Жамбылдық әйел: Өзімнен үлкен азаматқа тоқал болдым, екі бала туып берген соң бірінші отбасына кетіп қалды

    Жамбылдық әйел: Өзімнен үлкен азаматқа тоқал болдым, екі бала туып берген соң бірінші отбасына кетіп қалды

 Жамбыл облысының тұрғыны, Қырғызстаннан келген азаматша Айым қазақ жігітіне тоқал болып тигенін айтады. Бір қыз бен бір ұл баланы өмірге әкелген соң екеуінің арасы суи бастаған.

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды.

Айым Қырғызстаннан 25 жасында Қазақстанға келген. Бірінші некесі сәтсіз аяқталып, жолдасымен ажырасып кеткен. 35 жасында өзінен жасы үлкен азаматпен танысады. Отбасылы азамат тоқал болуға ұсыныс айтады.

Айым бастапқыда тоқал болуға үзілді-кесілді қарсы болғанын айтып ақталды.

"Сіздің де қыздарыңыз бар, қарындастарыңыз бар. Соларға осындай ұсыныс айтып тұрса, не істер едіңіз дедім. Мен сізге тұрмысқа шықпаймын, тоқал болмаймын дедім. Бірақ ол менің жанымнан кетпей қойды. Өзінің бірінші отбасынан 5 қызы бар. Менің әбден сеніміме кірді. Отбасыммен таныстырамын деді. Қызым өмірге келгенде оған қарайлаған жоқ. Ұлым өмірге келгенде 7 айына дейін келіп тұрды. Ақшасын беріп, көмектесті. Кейін әйелі мен қыздары бізді алыстату үшін үйін әдейі өртеп, Жамбыл облысына көшіріп әкетті", - деді Айым.

Айым қазір базарда сауда жасайды. Екі баласына әпкесі мен сіңлісі қарап отыр. Балалары Қырғызстанда. Кішісі 2 жарым жаста екен.

"Балаларым мені ұмыта бастады. Ес білгелі туыстарым қарап жатыр. Менің кім екенімді де білмейді. Осылай жүре берсе, менен суып кете ме деп қорқамын. Кейін бауыр баспай қала ма деп ойлаймын. Сол үшін қасыма алғым келеді", - деді ол.

Айымның балалары Қырғызстан азаматтығын алған. Анасының атына жазылған. Карантин уақытында Қырғызстанда тұрып жатыр. Балаларына әкесінің тегін беріп, алимент өндіргісі келеді.

Жолдасы екеуінің заңды некесі жоқ. Тек мешітте некесін қидырған. Соған қарамастан заңгер алимент өндіруге де, әкесінің тегін алуға да құқығы бар деп отыр.

"Мен баламды әкесімен, туыстарымен араластырғым келеді. Әкесі тегін беруден бас тартқан жоқ. Оның отбасынан айырылысқанын да қаламаймын. Тек әке ретінде көмегін беріп тұрса деймін. Маған екі баланы қарау қиын", - деді ол.

Бағдарлама қонақтарының бірі Айымды қолдаса, енді бірі қарсы пікір айтты. Біреудің отбасының шырқын бұзбау керек еді деп кеңес бергендер бар.

"Сотқа жүгініп, арыз жазып, әкелік тегін бергізіп не керек отбасына ойран салып? Бес балалы отбасының ортасыны түсіп отырсың. Екі баланы өзің асыра. Ауру емессің, базарда сауда жасайсың. Бес баланы да асырап отырған әйелдер бар. Қол жайып көмек сұрай беруге де болмайды", - деді Ақтөбеден хабарласқан көрерменнің бірі.

 Stan.kz




Көрілген: 1344    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.08.2020, 19:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30