Отбасы - ошақ қасы

Жанұялы жанға ықыласым ауғанын түсіне алар емеспін

  • Жанұялы жанға ықыласым ауғанын түсіне алар емеспін

    Жанұялы жанға ықыласым ауғанын түсіне алар емеспін

  Жасым 27- де.Жұмысқа орналасқаныма көп болған жоқ. Әріптес бір жігітке көз қарасым өзгеріп, іштей ұната бастадым. Арадан екі айдай уақыт өткенде жанұясы бар екенін білдім. Қанша өзіме тосқауыл қойған сайын,оны көргенде жүрегім бұлқынып, мен бармын дегендей соғуы жиілеп кетеді.

 
 Маған қарап сөйлесе,ұялғанымнан бетім алаулап шыға келеді. Көзіне тіке қарай алмаймын. Өйткені көз жанарымнан бәрін сезіп қоятындай қорқамын. Мен үшін жігіттің сұлтаны сияқты. Түсімде көретін болдым. Жауапсыз махаббат екенін де білемін.

Бірақ.сезіміме қашанғы тұсау қоямын? Соңғы уақытта ол да мендегі сезімді сезіп қойды ма,қасыма жиі келетін болып жүр.Көзіне көзім түйіссе болды, өрттей жанамын. Сасқаныман түсіріп алған қаламымымды алып беріп жатып, қолымнан елеусіз ғана сипап өтті. Қолы қолыма тигенде ток соққандай дір ете қалдым. Бірақ,сездірмеуге тырыстым. Бұл қашанғы жалғасады, білмеймін. Егер өзі қадам жасаса «жоқ» дей алмайтын сияқтымын.

Қаншама жігіттер артымнан жүгіргенімен ешбіріне жүрегім селт етпеуші еді. Енді, жанұялы жанға ықыласым ауғанын түсіне алар емеспін. Кеш келген сезіміме өртеніп жүрмін. Біреудің көз жасымен бақытты болмасымды да білемін. Бірақ мен де адаммын ғой. Менің де бақытты болғым келеді...

Жансая
 

 




Көрілген: 1332    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.04.2020, 16:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30