Отбасы - ошақ қасы

Жас қыздың от құшағы отбасымды ойран етпесе болғаны

  • https://zen.yandex.ru/

    https://zen.yandex.ru/

Ауылдан қалаға көшіп келгенімізге 5-6 жыл болған. Үйіміз екі бөлмелі. Кішкентай бір қызымыз бар.

 

Таяуда ауылда көрші тұрған жалғызбасты әйел – Зияда хабарласты. Қызы 11-сыныптан кейін колледжге түсіпті. Айтуынша, ауылдан кеш келіп, жатақханадан орын жетпей қалған көрінеді. Жатақхана мәселесі шешілгенше, біздің үйде тұра тұруын өтінді.

 

Ауылда көрші болған, өз қарындасым сияқты, тұрса тұрсын дедім. Әйелім де қарсы болмады. Солай көршінің қызы біздің үйде тұра бастады. Көршінің қызы шаруаға пысық болып шықты. Үй жинау, балаға қарау, тамақ пісіру дегеннің бәрін істейді. Кейде қызымызды бақшаға апарып-әкеледі. Бір сөзбен айтқанда, әйеліме жақсы көмекші табылды.

 

Сөйтіп жүріп, күндердің-күнінде жас қызға ой кете бастады. Қыздың дене бітімі, жүріс тұрысы мен мұндалап тұрғандай. Көзін төңкеріп қарағанда жүрегім тулап кететінді шығарды. Кейде оңаша қалғанда өзімді әрең ұстаймын.

 

Осы қыз келгелі, түскі асқа үйге келгім келіп тұратын болды. Бірде түсте үйге келіп, кішкене демалып алайын деп жатып ұйықтап кетіппін. Оянған соң жуынып алмақ болып, ваннаға бардым. Есік ашық, ваннада көршінің қызы анадан жаңа туғандай тыр жалаңаш душ қабылдап тұр. Менің қарап тұрғанымды сезген сияқты. Өйткені мен келген соң өзін аймалай бастады. Онсыз да ойым бұзылып жүрген мені бұл көрініс тіпті естен айырды. Өзімді әрең дегенде тоқтаттым. Жайлап есікті жаптым да, үйден шығып кеттім.

 

Кешке үйге келгенде өз-өзімнен қуыстанып, ыңғайсыз күй кештім. Бірақ көршінің қызы түк болмағандай жүр. Маған қарап, «қалай» дегендей, көзін төңкеріп, күліп қояды.

 

Солай күндер өтіп жатты. Бір күні әйелім еңбек демалысына шығып, бір аптаға төркініне кетті. Арадан екі күн өткенде бір танысыммен сыра ішіп, түн ортасында үйге масаң күйде келдім. Мастықтың әсері ме әлде басқа ма, әйтеуір есікті ашып, ішкиіммен тұрған жас қызды көргенде мүлде естен айырылдым. Бүкіл дүниені ұмытып қызға бас салдым. Ол да еш қарсылық танытпады. Құшағымыз айқасқан күйде төсектен бірақ шықтық.

 

Көршінің қызы маған дейін де төсек көрген болып шықты. Біршама тәжірибесі барын да байқатты. Сол күні таңның қалай атқанын да байқамай қалдым.

 

Содан бері мүмкіндік сәт туа қалса бірге болып жүрміз. Кейде жұмыстан бір-екі сағатқа сұранып, үйге келем. Сол күні ол да сабаққа бармайды.

 

Соңғы кезде әйелім біліп қалып, масқара болам ба деген ой мазалайды. Бірақ нәпсінің еркіне бағынышты болып жүрмін. Отбасымды ойран етіп алам ба деп қорқам. Бірақ жас қыздың құшағын қыймаймын.

 

Әйелім болса, «көршінің қызы келгені жақсы болды бала қарайды, үй шаруасына көмектеседі» деп мәз. Расымен де, көршінің қызы ол жағына да пысық.

 

Бұл шырғалаңнан қалай шығам, білмеймін.

 

Жас қыздың от құшағы отбасымды ойран етпесе болғаны.

 

Мендей ақымаққа ақыл-кеңестеріңізді айтсаңыздар!

 

 

Автор: Сәлім

alashainasy.kz/
 




Көрілген: 3889    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31