Жасым қырықтан асқанда, ғашық болып қалғандаймын...

Жасым қырықтан асқанда, ғашық болып қалғандаймын...

Саламатсыздар ма, портал қызметкерлері. «Отбасы – ошақ қасы» айдарына жарияланып жатқан бүкіл материалдарды оқып отырамын. Адамзат баласының өмірі бір біріне ұқсамас сценарийде өрбиді ғой, бірақ негізгі обьекті бір. Ол – біздің тағдырымыз. Сондықтан болар, кейіпкерлердің әртүрлі тағдыры мені де қызықтырады. Кейде арасынан өзімнің өміріме ұқсас штрихтарды да көріп қаламын. Мен сіздердердің әріптестеріңізбін. Бірақ шалғайдағы аудандық газетте қызмет істеймін. Сіздердің айдарларыңызға мен де өз басымнан өтіп жатқан сезімді жолдасам деп едім.

 

Мен бір үйдің жалғыз ұлы едім. Алдымда үш әпкем бар. Бәрі де тұрмыста. Өзім Алматыда оқыдым. Ол кезде АГУ деп аталатын, қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетте. Университет қабырғасында жүргенде біздің факультеттің ұл-қыздарының 80 пайызға жуығы ақын еді. Кейін университет қабырғасын бітірген соң солардың ішінен жібі түзу бір де бір ақын шықпапты. Мен де шимақтап жазуды қойғам.

 

Бірінші және екінші курс таза оқумен өтті. Ол кезде балаң көңіл ару Алматының төрінде білім алып жатқанымыздың өзіне шат-шадыман еді. Үшінші курсқа аяқ басқан сәттен менің бойымда түрлі сезімдер бүршік ата бастады. Айналама көз салып қарасам неше түрлі арулар, қылықтысы да, сүйкімдісі де, сұлуы да толып жүр екен. Әсіресе өзіміздің группадағы қыздар неткен керім еді. Осы кезде дейін қайда қарап жүргем деп өзіме налыдым. Сонымен не керек, группадағы старостамыз Әсел деген Талдықорғанның қызын құлай сүйдім. Тіпті оны ойламай ұйықтаған түндерім болған емес. Әселге арнап өлең де жаздым, күнделігімнің бәрі оның қылығын, сабақ үстінде істеген әрекеттерін сипаттаумен толатын болды. Ғашық жүрек не істеткізбейді десейші, мен түн баласы жатақханадағы жігіттерден тығылып, Әселге арнап роман жазбақшы болдым. Сөйтіп, 2-3 ай әрекеттеніп көрдім. Бірақ толыққанды дүние шығара алмадым.

 

Гурппадан бөлек, курстағы басқа да жігіттердің арманы Әсел еді. Әсел десе Әсел еді. Балдай мінезі, көркем табиғаты оның нағыз қазақ қызына тән кербездігін, тәкаппарлығын асқақтата түсетін. Әне міне дегенше қолымнан сусып шығып кететіндей, басқа бір жігіттер қағып алып кететіндей шыр-пырым шығып, ғашықтық дастанымды жанымдағы Дәуренге баяндадым. Дәурен бокстан спорт шебері. Жатақханадағы үлкені бар, кішісі бар біраз жігітті тәртіпке сап жүретін білекті жігіт еді. «Нұрым-ау, ендеше не тұрыс. Әрекетке көшейік те» деді ол бірден. «Қалай?» деймін мен сезімімді білдіруге батылым жетпей. «Сен әдемілеп хат жаз, мен оған өз қолыммен апарып берейін» дейді қасқаң. «Көкем-ау, қазір хат жазатын заман ба, айналаңа қарасаңшы. Жігіт деген сезімін қызға ашық білдірмей ме?» деймін мен одан сайын күйіп.

 

Сонымен не керек, Дәурен екеуміз кезекті стипендия алған кезде Әсел мен Шамсияны «Трактирге» шақырдық. Қыздар ойларында ештеңе жоқ, қуана келісті. Кешіміз керемет көңілді өтті. Кезек кезек вальс билеп, Әселдің балғын денесін қолыммен аймалап, арман тұлпарына мініп алып алыстарға шиырлаймын. Қыздар жатақханаға келген соң бізге алғыстарын жаудырды. Әсел «Нұрым, сені осыншалық сезімтал деп ойламаппын. Сен нағыз романтиксің ғой» деп бетімнен шөп еткізіп сүйіп алды. Бақыттан басым айналып, көзімнің алды тұманданып кеткендей болды. «Трактирде» ақшаны Дәурен төлеген болатын, менің қалтамда әлі де ақшам бар. Мен бірден «Ендеше қыздар, ертең Шымбұлаққа барайық» дедім. Қыздар қуанып, келісімдерін берді.

 

Шымбұлақтағы кездесу жайлы ойласам, жүрек тұсым шым ете қалады. Өйткені Әсел екеумізді табыстырған сол мекен болатын. Арқанды жолмен серуендеп, шанамен сырғанап, мәз-мейрам болған сәттерді Әсел екеуміз бертінге дейін тамсана айтып отырушы едік. Кешке қарай жаураған Әсел менің бауырыма тығылып, мен оны кең құшағыма сыйдыра құшақтап алған едім. Сол сәтте жүрегім атқақтап, ұлы сезімнің қайнар бастауы ашылғандай болып еді. Автобустың артқы орындығында құшақтасып отырып Әселге деген сезімімді білдірдім, ол біресе қызарып, біресе ұялып, жүзін төмен салып отырып қалды. Айтарымды айтып алсам да өзімнен өзім сасқалақтап, не тұрып кетудің реті келмей, азап отына түскен едім. Әсел басын менің кеудеме қойып отырып ұйықтап кеткендей болған. Автобус Құрманғазы көшесінің бойына келіп, соңғы аялдамадан елдің бәрі түсіп жатқан кезде Әсел менің жүзіме тура қарап, «Нұрым, мен саған сенем. Сен мені аялап өтесің деп ойлаймын. Мен де сенің азамат басыңды жерге қаратпаспын» деп бетімнен тағы да сүйіп алсын. Ай-хай дүние, сен неткен керемет ең. Мен Әселді жерден тік көтеріп алдым да құшағыма бастым... Сыртта Дәурен мен Шамсия мәз боп жүр. Екеуі кезектесіп кеп құшақтайды, бетімізден сүйеді.

 

Біз университетті бітірген жылы ұлымыз Айбар дүниеге келді. Группаластар риза болып, бірнеше күн біздің шағын пәтеріміз думанды ордаға айналды. Оқуды бітірген соң әркім әр жаққа кетті. Мен бірден өз ауылыма келдім. Аудандық газетте орын барын естігем. Оның үстіне бала кезден өлең, әңгіме жазып жүргендіктен аудандық газеттің бас редакторымен біршама таныс боп қалғанбыз. Ол кісі де «сені ойланбастан жұмысқа алам. Осы ауданда журналистиканы бітіріп келген екі-ақ адам бармыз» деді. Сөйтіп мен аудандық газетке, баламыз ширап, апасының бауырына көшкен соң Әсел ауылдағы мектептке жұмысқа орналастық. Біздің бақытты ғұмырымыз осылай басталған. Бірақ шаттыққа толы бал ғұмыр осыншама қысқа болар деп кім ойлаған. Бала кезден жабысқан ауруы Әселді ақыры алып тынды. Небәрі 26 жасында мен Әселімнен айырылып, аңырап қала бердім. Апармаған дәрігер, емхана қалмады. Жаман аурудың аты жаман ауру екен ғой. Құдай Тағала мені осыншама қинайтындай не жазып едім деп көз жасым көл болды.

 

Содан бері міне 15 жылға жуықтады. Мен әлі үйленбедім. Ұлым болса колледждің үшінші курсында студент боп жүр. Жастайынан әжесінің баласы боп кеткендіктен мені әлі күнге аға дейді. Мен де оған інім деп қарайтын секілдімін. «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан балам, үйлен» деп отырады анашым да. Қайын жұртым да Әселдің үшінші шегін берген кезде-ақ, «балам, өлмектің артынан өлмек жоқ, енді жақсы жар жолықтырып, үйленем десең біз де қарсы емеспіз. Ер-азаматсың ғой, еңсең тік болсын, азаматтың басына нелер келіп, не кетпеген» деп әкесі рұқсатын берген.

 

Жүректің қалауы болмаса екінші мәрте бас құрау оңай емес екен. Осы кезге дейін достарым да, ағайындарым да, әпкелерім де қаншама қызды көрсетті. Бірақ бәрібір олар Әселдей бола алмайды екен. Бәрін Әселмен салыстырам, ширегіне де келмейді. Былтыр ғана біздің редакцияға жаңадан бір қызметкер келді. Есімі Көркем. Бізге көрші ауылдың қызы екен. Мінезі де атына сай көркем екен. Ағалап жүгіріп жүреді, жабырқап отырсаң шай қайнатып, редакциядағы шағын үстелді құлпыртып жібереді. Өзіне жарасымды әзілі де бар. Ең бастысы қылығы ма, әлде бойындағы бекзадалық па менің Әселіме қатты ұқсайды. Сондықтан болар мен бұл қызды өзіме жақын тартып барамын. Бірақ арамыздағы жас айырмашылығы 17 жас. Осыны ойласам еңсем түсіп, көңілім құлазып сала береді. Оның ата-анасы не ойлайды. Туған туыстары не дейді... Жас кездегідей жалындап тұрмаған соң қызға сөз салу да қиындай түсетін секілді.

 

Құрметті, оқырман, міне, менің басымдағы шытырман жағдай осындай. Нартәуекел деп Көркемге өз сезімімді білдірсем бе, әлде ұятты болам ба? Сіздер не ой қосасыздар?

 

 

 

Нұрым Назар

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста