Жасырын екінші әйелі болып жүрмін

Жасырын екінші әйелі болып жүрмін

 Мен 21 жасымда тұрмысқа шықтым. Онымен 4 жыл өмір сүрдім, бірақ сол 4 жылдың ішінде көрмегенім қалмады.Ол мені ұрмады,бірақ арақ ішетін.Насыбай ататын.Үйге ақша әкелмейтін.Балалармен жұмысқа шыға алмаймын.Қара нанға зар болып,көршілерден сұрап жеген күндерім де болды.Светтің ақшасын анам келсе,сол төлеп кететін.3-ші балама аяғым ауыр болатын.Күйеуім жұмысқа кеткеніне екі күн болған ,сменмен істейтін. Жұмысына бардым тамаққа ақша алып кетейін деп,сөйтсем жұмысқа кеткен күйеуім «балам өлім аузында жатыр» деп бастығын алдап он бес мың алған,кейін мен түк білмегенсіп көз –жасымды төгіп үйге қайттым. Күйеуім 3-ші күні кеп тұр.

- Қайдан келдің ?- десем.

-Жұмыстан- дейді.

Мен бәрін білем,алдама деп сол күні ажырастық.Кейін білдім ,ол наша шегеді екен.Естуімше, қамалып шығыпты.Қазір қайда жүргенін ешкім білмейді.Әке шешеме балаларымды қалдырып жұмысқа тұрдым.Біраз жағдайымды жасап алып, балаларымды қолыма алдым.Арадан уақыт өтіп,бір жігітпен танысып қалдым.Жақсы араласып тұрдық.Ол отбасылы адам.Кейін ол екінші әйелі болуға ұсыныс жасады.

Мен не үшін бұлай істейсің ?-деген едім. «Еркек өз үйінен жылулық сезінбесе, басқа адамнан іздейді екен» -деді.Мен сені көңілдес етіп ұстап, тастап кетпеймін ата –анаңның алдынан өтемін-деді.

Сөйтіп ол менің әке –шешемнің алдынан өтті.Әңгіменің ашығын айтты. «Әйелім білмейді.Уақыты келгенде айтамын»деп.Оған әкем келіспеді.Біраз ойланып,ақыры келісімін берді.Біз мешітке барып некемізді қидырдық.Қазір баламыз бар.Бұл төртінші балам, өз атына жаздырды.

Мен туралы жаман ойлайтын шығарсыздар. Ол отбасымен жақсы және оның отбасына ешқандай жамандық ойламаймын. Менің айтайын дегенім, күйеулеріңізге жақсы қараңыздар. Бір саты төмен тұрыңыздар. 500 теңге алып келсе,барына шүкір деп қәдірлеңіздер.Сонда еркек жылулықты басқадан іздемей,үйге асығатын болады.

Кінәні басқадан іздемей бірінші ойланыңыз.Мүмкін мені сөгетін шығарсыздар.Көзіме шөп салып жүр деген тақырыпты көп оқып жүріп, өз өмірімді айтып бергім келді.Шөп салудың астары қайда жатыр?

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста