Жаулық пен хиджап, жақыны қайсы

21 ақпан 2022, 14:45

Ақ орамал, әдемі ақ орамал, Пәле менен жаладан пана болар. Отбасыңа бақ тілеп, анам тақсын, Құтты болсын, ырымдап ал, орап ал!

Жан болмасын өсектеп, жала жабар, Түспесінші басыңнан ақ орамал. Тартқызбасын қан жұтып, қайғы-уайым, Таққызбасын Құдайым қара орамал! -деп ақын Алмас Темірбай жырлағандай 1 ақпан халықаралық орамал күніне орай Анаға құрмет музейі Қазақстандық қыз-келіншектерге орамал тағу әдісінен челендж жолдап, инстаграмм біраз ақ орамалды аналарымыздың суретіне толып қалды. 200-ден аса қазақтың анасы Анаған құрмет музейінің меңгерушісі Аршагүл Тойбайдың бастамасын қолдап 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне дейін ақ орамалдарын тағып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген мақсатпен бастаманы қолдап, жалғастыруда.

Жалпы жаулық (орамал) – көнеден келе жатқан әйел затының бас киімі. Жаулықтың тарихына тоқталар болсақ, арыдан сөз қозғауға тура келді. Қытай және парсы жазба деректерінде ертедегі Сақ және Массагет тайпаларының әйелдері басына шалма тәрізді орауыштарды орап жүргені туралы деректер кездеседі.

Негізі ХХ ғасырдың ортасына дейін барлық ұлттың әйелдері жалаң бас жүрмеген. Заман өзгеріп әр халықтың ұлттық болмысына сай жаулығы және оның салыну үлгісі, өзіндік дәстүрі қалыптасты. Осылайша, орамал әйел затының басындағы «бүркеніші» ғана емес, сәндік бұйымына айналды. Әйелдердің орамалды ерекше талғаммен тағуы оны барынша түрлендіріп жіберді. Мәселен, Кеңес одағы құрылғанға дейін жалпы Орта Азия халықтарында орамалдың түрлері аз болмаған. Ол әр өңірдің климаттық жағдайына байланысты өзгеріп, бұған қоса сол өңірдегі ұлттардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан хабар берген.

Мысалы, Қазақстан мен Қырғызстанда тұрмысқа шықпаған жас қыздар қызыл жаулық, ал тұрмыстағы әйелдер ақ жаулық салса, балалы болғаннан кейін олар жаулықтарын кимешекке айырбастаған. Қазақ кимешегі де рулық және өңірлік ерекшелігіне қарай алуан түрлі болып кездеседі. Әсемдеп тігілген кимешектің жақ үлгісіне немесе кимешек үстінен оралатын шылауыш пен күндіктің пішініне қарап әйелдің қай өңірдің тумасы немесе қай рудың келіні екенін айттырмай білуге болған. Өкінішке орай жастар орамалды хиджабқа айырбастады, ал кейбір сәнқойлар сәнге мойынға ғана тақса күнделікті тек әжелеміз ғана қолданатын болып қалды....

 

Аршагүл Тойбай, Анаға құрмет музейінің меңгерушісі