Желіде ақ сақалды шалдың жас әйелмен сүйіскен видеосы тарады

04 мамыр 2022, 17:21

Вокзал маңында сүйіскен егде жастағы еркек пен жас әйелдің әрекеті жұрттың шамына тиді. Қартайса да әйелдің ерніне ұмтылған қарияны сынап жатқандар көп, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Ерсі көріністі бейнелейтін видео Facebook-те тарады.

 

Одан егде жастағы еркектің қасындағы келіншектің ерніне жабысып жатқанын көруге болады. Тіпті олар айналасындағы адамдарды да байқар емес.

 

Шал мен әйелдің әрекетін желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Бірі ұятты ұмытқан деп сынаса, енді өзгелері махаббатта шектеу жоқ дегенді алға тартқан.

 

 

"Иманы жоқ екен". "Ұятсыз! Жастарға берер тәрбие осы ма?", "Тапа-тал түсте бұлай сүйісіп не көрінді? Үйлеріне бармады ма?", "Махаббат жасқа қарамайды", "Күлсең кәріге күл", "Осыны түсірген жастарда да ұят жоқ екен", — деп жазуда желідегі жұрт.