Жеңгем біздің үйге жұт боп келді...

Жеңгем біздің үйге жұт боп келді...

«Отбасы &ndash ошақ қасы» айдары арқылы сіздер оқырманның жүрегіне жол таптыңыздар дер едім. Бүгінде сан түрлі тағдыр иелері ішіндегі сырын ақтарар ашық алаңға айналғаны да анық. Біреуінен жиренесің, бірінен аяқ тартасың, енді біріне ой қосқың келеді. Мен де көптен бері жанымды жегідей жеп тыным таптырмаған сырымды ақтарсам деп едім. Көптің ішінен жол көрсетіп, ақыл салар адам табылар, бәлкім...

 

Біз бес ағайындымыз, үш әпкем және жалғыз ағам бар. Анам өмір бойы ұлым жалғыз деп соның тілеуін тілеп, басынан құс ұшырмай өсірді. Тіпті көп ретте қызсыңдар ғой деп бізді шетке сырып тастап, баласының қамын ойлап бар тәттісін соның аузына тосып, аялап өсірді.

 

Көптеген отбасылардағыдай ағам жалғыз болғанымен тым ерке емес еді. Көпке сыйлы, ақылды, ақкөңіл, ақжүрек. Өзін емес, өзгенің қамын ойлайтын аңқылдақтығы тағы бар. Ешкімнің көңілін қалдырмай тірлігін тындырып беретін епсекті де.

 

Сорына қарай көрсоқыр жар жолықты. Жалғыз баланың әйелі деп ата-анам оны алақанына салды. Бірақ бәрінің жайылып жастық, иіліп төсек болып жалпылдағанын ол көтере алмады. Жақсылықты түсінбейтін көркеуде болып шықты. Атам қазақтың «қалың малы арзан деп тексізден қыз алмағын» дегені дөп келетіндей. Айтқан сөзі, істеген тірлігінен тексіздіктің иісі аңқып тұратын.

 

Жеңгем Ұлтудың нағашыларын әжем жақсы танитын-ды. Ағам үйленерде әкеме келіп айқайды салып, «ол қарақшының тұқымы сенің қолың емес, алма қызын, аулақ...» деп шу шығарған-ды. Сонда әжеме ренжіп едік. Бұрынғының адамдары қандай көреген, әжем білген екен ғой. Тексіздің тегіне қарай тірлік қылатынын.

 

Жеңгем түскен соң арада ай өтпей жатып үйден ақша, алтындар жоғала бастады. Төркіні тым жұпыны тұратын еді. Желдің қайдан соғып жатқаны анық-тын. Сонда да анам «қоя бер, үндемеңдер, жас қой, әлі ақ қойып кетер...» деп бізді басып отыратын.

 

Ұрлығын қойғанын қайдам үдетпесе, қояр болмады. Одан қалса екі сөзінің бірі өтірік, екі адамның басын қоспай шағыстырып, қырылыстырып отыратын. Үйде күнде айқай, күнде шу. Жеңгемнің аяғы құт емес, жұт болды.

 

Әке-шешемнің тұрмысы дәулетті-тін. Келін түскен күннен бастап малдың басы кеми бастады. Биелеріміз іш тастап, сиыр, қой жоғалып, ақыры қораның есігі жабылды.

 

Төрт бала туған соң жеңгем тіптен құтырып кетті. Ағам момын адам. Үндемей құтылатын. Оны да адамсынып тыңдайтын ол емес еді. Бәрінен де жанымызға батқаны сексеннің сеңгіріне шыққан аппақ шашты әжемді жағасынан алып, ұрғаны еді. Айтарымызды айттық, тыңдар болмады. Өресі тар адамға айтқан сөз тауға барып айқайлаған жаңғырықтың кері білем, ешкімді құлағына да қыстырмады. Бұрын әп-әжептеуір беделі бар ағам бүгінде аузынан сөз суырып ала алмайтын сүмелекке айналған. Әйелін тыңдата алмаған еркекте қайбір бедел болсын?

 

Ағама бүгінде әке-шешемнен көрі әйелінің айтқан салмақты болып тұр ғой. Жиын той болса әйтеуір ілік тауып ұрыс шығаруға дайын тұрады. Тіпті өз қызының құдалығында да арақ ішпей отырсыңдар деп қайынәпкелеріне ұрсып, дау шығарды. Өмірі аузына арақ алып көрмеген адамдарды әдейі құдалардың көзінше мұқатып, келеке етті. Әкем ауыл арасында беделді адам еді. Соның құнын көк тиын қылып, бір жолы ішіп отырған сорпасын басына құйып жіберіп қорлады. Ағам сонда да үндеген жоқ. Осыдан кейін жеңгемді сұмдық жек көріп кеттім. «Кешірім сұра» деп ақыры кешірім сұрата алмадық.

 

Анамды да адам екен демейді. Жекіп, ұрсып, отырса опақ, тұрса сопақ қылып бітті. Сонда анамның өмір бойы жалғызым, жалғызым деп жеткізген ұлынан көріп отырған «жақсылығы» осы болғаны ма?

 

Мұндай көркеуде адамды қалай жөнге салуға болады, ақыл қосыңыздаршы?!

 

Төрт әпкем де талай рет ақырын да айтып көрді, ұрсып та айтып көрді, тыңдамайды. Тіпті бір жолы болмаған соң туған бауырын шақырып алып айтты істеген тірліктерін. Құрыбыларымен күнде ішіп, кеткен еді о кездері. Сонда әбден күйген інісі келіп тепкілеп ұрып, «болмаса жүр алып кетіп көше сыпыртып қояйын» деді. Інісі кеткен соң бір айға дейін дені дұрыс адам құсап жүрді де енді қайтып баяғы әуеніне басты.

 

Әке-шешемді аяп, күнде жылаймын. Осыншама қорлайтындай осы жасқа жеткенде олар не жазып еді сонша? Үлкенді үлкен екен демейді, кішіні кіші екен демейді көргенсіз келіннің қылығы күйдіріп бітті. Бір әулетті осыншама зар жылатып отырған адамның жазасы қашан болады. Ақыл қосыңыздаршы, ағайын!

 

 

 

Автор: Мереке

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста