Отбасы - ошақ қасы

Жеңгем үшін ағамнан бездім

  • Жеңгем үшін ағамнан бездім

    Жеңгем үшін ағамнан бездім

 Ағамнан бездім. Бір түйір бауырым ғана бар еді.  Бəріне кінəлі - жеңгем. Мен жеңгемді түсіне алмаймын. Рас, оны түсінуге талай рет тырыстым. Бəріне  ағам үшін көз жұмып келдім.  Болды, шыдамым бітті.

 Жеті жылдан асты келін болғалы, еңкиіп жерден тірлік алған емес. Үйдің бар тірлігін менің  мойныма  артып қойған.  

Ішеді, жейді, жатады. Балаларына қарауды да білмейді. Əйел болып, бір тірлік істегісі келмейді. Қалаға көшкісі келеді. Ауылда тұруға əзер шыдап жүр. Келін болған соң...  Ата- енесін сыйлауы тиіс емес па? Ол ата-анамызды келген күннен  құрметтеген емес. Анама зекігенін естіп, талай рет онымен сөзге келгенбіз.  Қыз басыммен оның кемдігін айтқаным жөнсіз екенін ұғамын. Амал не? Айтуға тура келеді. Үйде ағам екеуміз ғанамыз ғой. Не деген адам екенін  əлі ұқпаймын?  Мұғалімдікті оқыған қызбын. Жасым - жиырма алтыда. Кішкентай інілерім аш қалмасын, жасы келген анам қолын мұздай суға салып,  бүгжеңдеп үй тірлігін жасамасын деп, жұмысқа шықпадым.  Солай еткенімде де жақпадым.  Өз ағамды өзіме қарсы қойып, үйіміздің берекесін қашырып бітті. Шын ағам жақсы адам еді. Жеңгем келгелі, мені жек көріп барады.

Алдыңғы аптада өмірі қатты сөз айтып көрмеген ағам маған қол көтерді.  Жеңгемді анама дауыс көтергені үшін алдын сөзге келген едік.  Сол сөзге келудің соңы ағамның қол көтеруімен аяқталды. Содан бір түнде Астанаға билет алып кетіп қалдым.  Əкем ардагерлер үйіне демалысқа кетіп еді, ол кісімен қоштаса да алмадым.   Əзір ата-анамды ойлаймын. Ағамды енді бар адам деп, бауырым деп санамаймын. Не істесем екен?

Үйдің бар тірлігі анам  пақырға түсіп, қиналып жүр ме ? Ойлансам, ойдың түбі жоқ...ақыл қосыңдаршы






Көрілген: 4389    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 01:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа
    12 Наурыз, 16:40
    Қайынағам шаршатты
    11 Наурыз, 11:01
    Мен ұмытқан сөз…
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30