Жеңгемді көңілдесімен ұстап алдым

Жеңгемді көңілдесімен ұстап алдым

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Сіздерден сұрай-тұғын ақыл-кеңесім бар. Менің жеңгем бар. Үйімізге келін болып түскеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Айтсам өзімізді мақтағандай боламын. Дегенмен, өтірік айтып не қылам, айтқанымның ешқайсысы жалған емес. 

Осы уақытқа дейін жеңгемді сыйлап келдім. Үйді сықитып жуып, балаларын шомылдырып, бар ыдысты өзім жалтыратып жуып отырмын. Ал енесі, яғни менің анам нағыз алтын ене. Келініне қалағанын әперіп, алақанына сап отыр.

Ағамның біраз жүрістері болды, иә мойындаймын. Ағамның кінәсін түсініп, жеңгеме қолдау білдірдік. 
Енді сол "алтын" деп жүрген жеңгемнің жеңіл жүрістерін біліп, қол-аяғым дірілдеп, қалтырап не істерімді білмей кеттім.

Еркек еркектігін жасаса да, отбасының ұйытқысы боп отырған әйел адамның өзге біреумен төсектес болғаны, не сұмдық?!

Бауырларымнан артық көрген жеңгемнің бұл қылығын көргенде, менің көзімнен аққан жастың сұрауы мен саны болмаған шығар.

Жеңгем деп жүрген салдақы өзінен  6 жас кіші, мен танитын баламен жүріс жасап, жатып жүр екен.

Мен оны whatsApp арқылы көріп қалдым. Менің қолымда осы жайлы біраз дәлелдер де бар. Айтыңыздаршы, әпкелер.

Не қылайын, не істейін? Басымды қай жартасқа ұрайын?

Ағама, анама, "жеңге"аттан садаға кеткір адамның ата-анасына телефон соғып, шақырып, бәріне айтайын ба?

Мағар сіздердің ақылдарыңыз ауадай қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста