Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты

Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты

Жасым 25 -те.Аты -жөнімді көрсетпей құпия түрде берсеңіздер екен. Тағдыр туғанан мені аямаған.Анам оң босағада отырып 16- жасында маған жүкті болып қалып, туғанша ішін байлап жүргендіктен іштен туа мүгедек болып дүниеге келіппін.

Бірақ әжемнің жігерінің мықтылығынан өзі жоқта тапсырып тастаған балалар үйінен тауып алып, мені асырап алыпты.ДЦП ,көз қабілетінің нашар көруі сияқты аурулардың бәрін шет елдерде қоймай жүріп емдетіп , өз еркімше сөйлей алатын, жүре алатын болдым.Қарым қабілетім де сау адамдардан кем емес.Ақыл ойым өте зерек.


Біраз тілді жетік меңгеріп шықтым.Түрік, грек, азербайжан тілдерін өз ана тілімдей меңгердім.Енді ағылшын тілін үйренгім келген. Ағылшын пәнінен оқытатын алыстау ағайын жеңгем бар болатын.Әңгіме міне менің осы тіл үйренгім келген тұстан басталды.Ол кезде мені осы дәрежеге жеткізген әжем қайтыс болып кеткен.Енді маған қайда барасың, не істеп жүрсің ?- деп қаттырақ қарап тәрбие беретін ешкім жоқ, асырап алған әке -шешем кәрі кісілер болғандықтан жүріс тұрысым еркінтін.Одан қала берді жасым 25- тегі ақыл тоқтатқан жігітпін.

Бір күні ағылшын тілінен сабақ алмақ болып жеңгемнің үйіне бардым.Жеңгем оңаша отыр екен. Ауру қызы болса да ,болмаса да ештеңе аңғармайды, сөйлей алмайды. Басында сабақ оқыған болып жүрдім.Кейін ала жеңгеммен қарым -қатынасым басқаша бағытта өрби бастады.Ағам ұзақ жолға жол жүріп кеткен.Кеткеніне де біраз болған еді.Ал жеңгем маған бір түрлі құпия жымиып, басқаша қарай бастады.

Сабаққа кешкісін адамдардың аяқ ізі басылғасын шақыратын болды.Күннің батқанын мен де сабырсыздана күтетін болдым.Өйткені жеңгемнің аңсарын қандыру, шөлін басу мен үшін басында қызық болса, соң ол лаззат тұңғиығына еріксіз тартатын болды да, есіл -дертім жеңгем болып тұратын еді.Алғаш рет әйелдің аңсарының сұрапыл болатынын жеңешемнен сезіндім...

Кейде күн батуын күтуге сабырым жетпей сәл оңаша сәт болса жеңгеме жетіп баратын болдым.Сөйтіп жүргенде қуанышымыз ұзаққа бармады.Жолда жүрген ағайым келіпті. Енді кездесу қиындай түсті . Бірақ амал айладан кім қашып құтылыпты.Бір күні күн ұзағына тауға шөп тере барған болып, жеңешемнің ыстық құшағында балқыдым.Жасы анам қатарлас болса да төсекке келгенде тойымсыз жеңгемнің құмарын қандырамын деп ,ертесіне тұяқ серпей ұйықтаппын.

Одан соң да сылтау табылды.Емшіге барамыз деп оңаша кетеміз.Ол емші түнде қабылдайды деген сылтау. Бізге емші емес, құмарымызды қандыру керек.Бар ойымыз сол.Оңаша қалсақ болды сүлікше жабысып,сағынып қаламыз.Жеңгеме есім кеткені сонша оның елуден асқан кәрі әйел екені де білінбейтін.

Сылтау табыла береді оңаша кездескің келсе.Бір күні айран аламын деп барамын оңаша сәтінде, бір күні әкімшлікте кезекшілікте тұрғанда,түнделетіп қайтуға қорқады деп алып қайтуға барған бола саламын.Әйтеуір ебін тауып, құмарымыздан шығып жүрдік...

Сөйтіп жүріп ауру жұқтырып алыппыз.Екеуміз де дәрігерге барып қаралуға тура келді...

Әжемнің жыл садақасы күні бізің үйдегілер сонда кетті де,мен жалғыз қалдым.Жеңешеммен оңаша қалуға қалай асықтым десейші.Сөйтсем көрші кішкене ауыратын жігіт бар еді, келіп телевизордан футбол көріп кетпей отырып алды...

Жеңешем келді.Енді ана жігітті қалай шығарып жіберудің амалын таппай отырмыз екеуміз. Бір кезде шыдамым таусылып "үйіңізге қайтыңыз,мен демаламын -дедім.Жеңешем де кетіп бара жатқан кісі сыңайлы болып есікке беттеді.

Міне осылай жеңешеммен қарым -қатынасым бұрынғыдан да нығая берді.Жас қыздарға қарағым да келмейді.Толық әйел көрсем аузымның суы ағады.Бәр нәрседен жеңешемді көретін болдым.Тіпті үйдегі мысықтың біреуін жеңешеме ұқсататын болдым.Сондықтан да жеңешемді көргендей болып, ол мысыққа жеңешеме айтатын жылы сөздерімді айтып отырғанымды өзім де байқамай қалатынмын.

Негізі менің руым да, қаным да кімнен екені белгісіз.Жеңешем емес қой деп кейде арым мазалаған да өзімді жұбатып қоямын.Үлкендердің айтуынша анам түрік пе,азербайжан ба әйтеуір басқа ұлттан жүкті болып мені туған екен".Қанына тартпағанның қары сынсын" дейді ғой қазақ.Менің қаным бәлкім қазақ емес болар.

Мұны жазып отырған себебім" Құдайдан жасырмағанды адамнан қалай жасырасың?" демекші, біздің бұл жүрісімізді ешкім білмейді деп ойлаушы едім.Сөйтсем байқап қойғандар бар екен.Бірақ дәлелі жоқ деп сенімді болдым да, жеңешемді жағалауды жалғастырып жүре бердім.

Бірақ бар нәрсенің шегі болады ғой.Жеңешем қанша тартып тұрса да, одан бас тартуға дәрменсіз ,әрі құлықсыз болсам да бас тартуға тура келетін сияқты.Болашақта өмірім қалай болады? Осылай жүре берсем бір күні елге әшкере болсам не істеймін?Ақыл беріңіздерші.Ешкімге айта алмайтын құпиямды бөліскенім үшін айыпқа бұйырмаңыздар.Сіздерге айтып жеңілдеп ой бөліскім келді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста