Отбасы - ошақ қасы

Жігіт деген уәдесінде тұрмаушы ма еді?

  • Жігіт деген уәдесінде тұрмаушы ма еді?

    Жігіт деген уәдесінде тұрмаушы ма еді?

 Сәлеметсіздер ме? Әр шыққан”Сырласу ” дың материалдарын үзбей оқып отырамын. Пенде болған соң қуанышта, қайғыда қәтеліктерде болады. Мен де өз басымнан өткенді баяндайын...

Өзім үлкен асханада кассада жұмыс істейтінмін. Кешкі уақыт,жұмыста шаршап отырғанмын. Екі жігіт кірді, орысша әңгімелерін айтып, мен әдеттегідей амандасып алған тамақтарын есептедім.

Бір кезде қасындағы жігіт екеуміз сөзге келіп қалдық.Келесі күні тағы келді де күліп қарап “Кешір ,кешір кеше ренжіттім бе? Танысайық ” деп өз есімін айтты. Солай танысып, кездесіп серуендеуге, киноға барып жүрдік. Өзімді бақытты сезіндім сол уақыттта... Бірақ бақытым ұзаққа бармады. Бір күні даусы біртүрлі болып кездесуге шақырды. Әдеттегідей кездескенде құшақтап,көтеріп алды. Бір жерге барып отырдық. Әңгімесін бастады,шіркін сол әңгімені естімесем ғой деп жыладым. Ол басында ісік бар екенін,жақында операцияға кететінін айтты. Үндемей тыңдап отырдым. Көзімнен аққан жас еріксіз жүзімді жуып жатты. Жарты сағаттай өз-өзіме келе алмай,сөйлей алмадым. Өкініш пен ащы запыран ішімді өртеп барады.

“Менде барамын ” деп едім,оған рұқсат бермеді.”Өтініш менің алдымда жыламашы, маған берген көмегің болсын,сенің жылағаныңды көріп өзімді кінәлаймын” деді. Жарайды деп уақыттырамызды бірге өткізіп жүрдік. Бірақ... үйге келген соң қатты қиналатынмын.

Соңғы кездескенмізде басы қатты ауырып құлап қала жаздаған... Ертесі кетті ота жасатуға.Отадан аман -есен шықсам бірінші өзім хабарласамын деп уәде берген.

Күттім. Өзім хабарластым қанша рет. Бірақ жауап болмады. Үмітім үзілді. Ол бұл өмірде жоқ. Мені тастап кетті... Қәне берген уәдең, отадан аман шықсам хабарласамын деп ең ғой,әлі күтіп жүрмін. Шынымен тастап кете бардың ба? Жігіт деген уәдесінде тұрмаушы ма еді? Мені жыламасын дедің бе? Осылай үнсіз жоғалып кеткенде маған оңай соғады дейсің бе? Жүрегімді біреу жұлып алғандай өзіңсіз ауа жоқтай күй кешудемін. Тынысым тарылады. Қош бол деймін де енді. Уақыт емші десек те,сағыныш құрсаулап кеудемді жаныштап барады. Сырымды айтып жеңілдегім келді. Қәне енді жеңілдеп қалсам...

Аймереке
el24kz




Көрілген: 2288    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.12.2019, 16:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Ақпан, 16:10
    Екі әйел алмаңдар!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29