Отбасы - ошақ қасы

Жігітім мас кезінде ғана мені ұнататынын айтады

  • Жігітім мас кезінде ғана мені ұнататынын айтады

    Жігітім мас кезінде ғана мені ұнататынын айтады

 Бір жағдай мені қатты алаңдатып жүр. Көрші тұратын жігіт бар. Екеуміз  6 жылдан бері көрші тұрсақ та. осы  ақпан айында ғана жақынырақ  танысып, араласа бастадық. Оның мінезі өте тұйық,байсалды,үлкен кісілерше ой түйетін жігіт.

Осыдан 3 күн бұрын ол  таң атпай телефон шалып, "маған келе аласын ба, ізерігіп кеттім" деп шақырды. Бардым. Жалғыз тұрады, анасы дүниеден өткен, әкесі басқа үйде тұрады.Үйінің астан-кестені шыққан,айқайлатып өлең қосып отыр екен. Арамызда жаман ештене болған жоқ.Бұған дейін көргенде қысылып,артық әңгіме айта қоймайтын.Ал бұл жолы үйіне барғанда біртүрлі көңілді болып отырды.Сөйтсем 2апта бойы ішіп,дұрыс ұйықтамай,үйінен шықпай жүрген екен.

Қасында отырдым.Бірде ашылып маған сөйлей бастады:"жаным қиналып кетті, не істерімді білмей кеттім.Менің қасымда болшы,екеуміз жүрейікші" деді.Мен үн қатпадым."Мен сау болсам бұл әңгіменің бірін де айтпаймын, қазір айтуым керек, мен анандаймын, мен мұндаймын" деп өзі туралы айтты."Жаныңды не мазалап жүр маған айта ғой, мен сені тыңдауға дайынмын" дедім. Бірақ мастау болғасын ойы жан-жаққа шашырап, түсіндіріп ештене айта қоймады.

"Маған ұнайсың,сымбаттысың, сені кездестіргеніме қатты қуанам.Қандай жақсы болды" дейді.Атастырылып қояйықшы деп те айтты.Мен мас қой деп ундемедім."Қасымнан кетпеші,мені тыңдашы. Қазір ұйықтап қалсам сен кетіп қаласың ғой,ұйықтамаймын" деп отырып алды. Содан ұйықтатып кетіп қалдым. Ертесіне осы жағдай тағы қайталанды.Тағы ішіп алып,таң атпай маған звондап үйіне келуімді сұрады."Мен бәрінен шаршадым,семен сөйлесуім керек, саған айтуым керек,сен келмесең мен өлемін" деді. Шыны керек қорқып кеттім.Тұра салып үйіне бардым.Телефон соқсам алмайды,есігін ашпайды.Амалсыздан үйіне асып түсіп кірдім.Сөйтсем ұйықтап қалыпты.Өте қатты мас екен.  Дұрыстап жатқызып,аяқ киімін шешіп,үстін жаптым да қасында біраз отырып, үйіме кеттім.

Содан кейін енді есін жинады.Менен кешірім сұрап,енді ішпеймін деді.Қазір сау жүр.Маған хабарласып қояды.Енді сау кезінде маған ештене айтар емес. Мен оны соншама не мазалап жүргенін білгім келеді,бірақ ендігі ол туралы жақ ашар емес.Бар білетінім ол өте қатты жалғызсырайды,бір жылулықты сезінгісі келетіндей.Өйткені үйіне барғанымда мені қатты құшақтап отырды.Кетуім керек десем,сәл отыра тұршы деп жібергісі келмеді.Ендігі оны уайымдай бастадым.Түнде мүлдем ұйықтамайды.Таңға жуық ұйықтап кеш батқанда тұрады.Бір сөзінде"шайтандармен ісім болған" деп айтып қалды.Бірақ сол күйі айтқыза алмадым не нәрсе екенін.Ештене айтар емес.Не істесем болады? Қалай көмектессем болады ол жігітке?шыны керек, қасында болғым келеді,оны жалғыздықтан құтқарғым келеді.Бірақ сау болса расымен де ештене айтпайды екен..
Ұзақ болса кешірім өтінемін,түсініктірек жазуға барынша тырыстым.

(Аноним)




Көрілген: 5265    Пікірлер: 2

сейсенбі, 07.01.2020, 16:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Ақпан, 16:10
    Екі әйел алмаңдар!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30