Жігітіммен жасырын түрде бірге тұрып жатырмын

16 мамыр 2017, 11:40

Мен ақыл сұрайын деп отырмын, ашық түрде ешкіммен бөлісе алмаймын. Жігітіммен жүрегелі 3 жыл болды, соңғы жарты жыл бірге тұрып жатырмыз. Арамызда ештеңе болмады, оның иманы өте мықты, бірге тұруымыздың себебі мен жұмысқа үйден барып келуім алыс, неше түрлі сұмдыкты естіп, жігітім маған ірдеңе болып алама деп қорқатынын айтып, қасында тұруымды өтінді. Өзі пәтер жалдап тұрады. Қыздармен тұрайын десем жақын араласатын дос кыздарым куйеуде, басқа бөтен адамдармен тұрғым келмейді, жігітім де менің басқа қыздармен тұрғанымды қаламайды.

Үйдегілер менің жігітпен тұрып жатқанымды білмейді, оларды алдап жүргеніме қатты қысыламын. Ал жігітіммен үйленейік десек, оның қазір жағдайы жоқ, мамасы ауырады, қарындасы биыл оқуға түседі, оқуы жігітімнін мойнында болады. Оның үй іші басқа қалада, өзі Алматыда, Алматыда қалам, кейін осы жақта тұрамыз дейді, бірақ үй-жайы жоқ.

Ол қарындасын окытканша, үй-жайын дұрыстағанша қанша уақыт өтеді, оған ешкім көмектеспейді де, не өзі ақша жинап та жатқан жоқ, ақшасы артылса үй ішінің бірдеңесі дайын тұрады, үй ішінің кредиттерын де сол төлейді.

Мейлі той болмай-ақ койсын, үйленейік жүре бермей десем, әне-міне деп қазір болмайтын сияқты .Оған жаным ашиды. Менің жасым болса өтіп бара жатыр, қазір 23-темін. Кейде оны тастап кетсемьбе екен деп ойлаймын, бірақ қимаймын, бір артық мінезі жоқ, мен десе өліп тұрады.

Мен өте сымбаттымын, жұмысым да жақсы, мінезіме де қызығады көбі. Жігітімнің мінезі жайл болған соң, басқа жігіттер туралы ойламадым да. Бірақ кейбір құрбыларым екеуміздің тең емес екенімізді жиі айтады. Мен оны тастап кете алмайтын секілддімін. Қалай, не істегенім дұрыс?

Аноним