Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жігітімнен жүктімін деп бір қыз үйіне кіріп алды

16 ақпан 2019, 11:58

Менің тұрмысқа шығайын деп жүрген жігітімнің артынан жүгіріп жүрген қыз болған. Сол қыз жігітімнен бала көтердім, аяғым ауыр деп оның үйіне келіп, ата-анасымен танысып, кіріп алған. Білемін, жігітім де кінәлі. Бірақ біз бұл жайлы онымен сөйлестік.
Ендігі мәселе, ата-анасы аяғы ауыр болған соң ол қызды түсініп үйніе кіргізді. Ал мені ол кісілер танитын. Енді қараңызшы. жігітім ол қызды сүймейді. Ол қыз жігітімнің басын айналдырып, екі қабатпын деп алдаған. Бірнеше күн бұрын оны УДЗ-ге апарып тексертті. Іші таза болып шығыпты. Ана қыз шыққан соң екі қабатпын деп жылаған. Мен басында аяғы ауыр болған соң түсініп, үндемедім. Бала үшін жылап, жігітіммен қош айтысқам.Сосын ол қыз балам түсіп қалды деді. Енді қайта көтердім дейді. Барлығымыздың қорқатынымыз Алла. Қалай баламен ойнауға болады?

Ол қыз берекемізді кетірді. Содан шыдай алмай жігітімнің ата-анасының үйіне бардым. Ол қызбен сөйлестім. Осы уақытқа дейін көрмегенмін. Үнемі телефонмен ұрсысатынбыз. Сосын оның іші таза деген соң бардым. Кет дедім. Жігітім де айтты мені сүйетінін. Бірақ ол қыз кетпей жатыр. Не істеймін. Қыздың ата-анасына xабарласайын ба?
Мен бақытымды оп-оңай біреуге бере салғым келмейді. Бала бар деген соң жайларына қалдырған едім. Енді өтірік айтады. аяғым ауыр деп. Әлі сол үйде жатыр. Кетпейді.