Отбасы - ошақ қасы

Жігітімнен жүктімін деп бір қыз үйіне кіріп алды

  • Жігітімнен жүктімін деп бір қыз үйіне кіріп алды

    Жігітімнен жүктімін деп бір қыз үйіне кіріп алды

Менің тұрмысқа шығайын деп жүрген жігітімнің артынан жүгіріп жүрген қыз болған. Сол қыз жігітімнен бала көтердім, аяғым ауыр деп оның үйіне келіп, ата-анасымен танысып, кіріп алған. Білемін, жігітім де кінәлі. Бірақ біз бұл жайлы онымен сөйлестік.

Ендігі мәселе, ата-анасы аяғы ауыр болған соң ол қызды түсініп үйніе кіргізді. Ал мені ол кісілер танитын. Енді қараңызшы. жігітім ол қызды сүймейді.

Ол қыз жігітімнің басын айналдырып, екі қабатпын деп алдаған. Бірнеше күн бұрын оны УДЗ-ге апарып тексертті. Іші таза болып шығыпты. Ана қыз шыққан соң екі қабатпын деп жылаған. Мен басында аяғы ауыр болған соң түсініп, үндемедім. Бала үшін жылап, жігітіммен қош айтысқам.Сосын ол қыз балам түсіп қалды деді. Енді қайта көтердім дейді. Барлығымыздың қорқатынымыз Алла. Қалай баламен ойнауға болады?

Ол қыз берекемізді кетірді. Содан шыдай алмай жігітімнің ата-анасының үйіне бардым. Ол қызбен сөйлестім. Осы уақытқа дейін көрмегенмін. Үнемі телефонмен ұрсысатынбыз. Сосын оның іші таза деген соң бардым. Кет дедім. Жігітім де айтты мені сүйетінін. Бірақ ол қыз кетпей жатыр. Не істеймін. Қыздың ата-анасына xабарласайын ба?

Мен бақытымды оп-оңай біреуге бере салғым келмейді. Бала бар деген соң жайларына қалдырған едім. Енді өтірік айтады. Аяғым ауыр деп. Әлі сол үйде жатыр. Кетпейді.

 




Көрілген: 2725    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 11:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31