Отбасы - ошақ қасы

Жігітінің опасыздығын той үстінде білген қалыңдық оның масқарасын шығарды

  • https://www.mk.ru

    https://www.mk.ru

Альбина есімді бойжеткен жігітімен бір жыл жүріп, тұрмысқа шықпақ болғанын айтты. Алайда тойдың үстінде сүйіктісінің оған адал болмағанын білген ару дереу салтанатты шараны тоқтатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Бойжеткен сүйген адамының бір жыл бойы өзіне опасыздық жасағанын абайсызда, той үстінде біліп қойған. Оның айтуынша ол күйеу жігіт пен досының сөзін естіп қойған.


"Әлдеқандай Алина есімді қыз туралы айтып жатты. Досы Тимурдан сол қызбен кеше түнде не істегенін сұрады. Тимур тек езуін тарта жымиып қойды.

Мен бәрін естісем де, миым ақпаратты қабылдай алмай жатты. Не істерімді білмедім. Тұрған жерімнен атып шығып, Тимурдың жағасына жармастым. Тойханадағылар дауысымызды естіп жетіп келді.


Мен ол секілді опасыз, түкке тұрғысыз адаммен өмірімді байланыстырғым келмейтінін айтып, туыстарының көзінше масқарасын шығардым.


Ол маған бірдеңе деп жауап қатқан да жоқ. Тіпті мені тоқтатуға тырысқан жоқ.


Кейін ортақ достарымыз оның бұрыннан бері қызқұмар екенін айтқанда расымен таңғалдым. Адамды танып болмайды екенсің", - дейді бойжеткен.

Бүгінде тойының шырқы бұзылған бойжеткен тойға дейін жігітімен жақын қарым-қатынаста болғанын да жасырған жоқ.


Ол жігітінің опасыздыққа баруына не себеп болғанын тіпті білмейді екен.


"Иә, жасыратыны жоқ тойдың алдында біраз қателікке бой алдырдым. Оның әрбір сөзіне балаша сендім. Қазір сол қылығым үшін өкінемін. Уақытты кері қайтарғым келеді", - дейді кейіпкеріміз.


 




Көрілген: 7586    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.08.2019, 10:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31