Отбасы - ошақ қасы

Жұбайыңызбен ҰРЫСЫП қалғанда ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСПЕН татуласудың 4 қағидасы

  • Жұбайыңызбен ҰРЫСЫП қалғанда ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСПЕН татуласудың 4 қағидасы

    Жұбайыңызбен ҰРЫСЫП қалғанда ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСПЕН татуласудың 4 қағидасы

​ТІЛМЕН ұрысып, ТӨСЕКПЕН жарасу - КЕРЕК пе?  Бұл туралы ERNUR.KZ сайты жазды.

Бұрындары ауылда жастау ерлі-зайыптылар ұрысып, оған үлкендер араласқанда азулы апа-әжелерімізден «ТАЯҚПЕН ұрысып, ТӨСЕКПЕН жарасқандар, ертең-ақ бір-біріңе еміреніп шыға келесіңдер ғой» дейтін сөздерін еститінбіз. Сөйтсек, ерлі-зайыптының арасындағы ұрыс-керістен соң кикілжіңнің кесірін «жазып алатын» әдіс бар екенін білгеннен соң айтады екен ғой.

Бүгіннің дәп сол төсек қатынасын зерттеп-зерделеп жүрген мамандары да ренжісіп, ұрысып қалған ерлі-зайыптының төсек ләззатын алу арқылы жарасуының дұрыс-бұрыс жағын ұсыныпты.

Ал психологтар болса, керісінше... Ұрысып қалған некелі жандардың жыныстық қатынас арқылы жарасып кетуін құптамайды екен. Тек кейбірі ғана отбасын сақтап қалуға болатынын айтады.

Қалай болғанда да, ұрыс-керіске бола ойрандай салатындай отбасы жеңіл-желпі қарайтын мәселе емес. Иә, кейде кинодағыдай ашуланып тұрып некелі жарына құмарлығы ашылып кететіндер де жоқ емес шығар... Десек те, тап осындай жағдайда «махаббат ордасына» аттанып, кері эенергия көзін төсектен ләззат алуға жұмсамас бұрын мына 4 жайтты білген дұрыс екен.

 

Әлі де АШУЫҢЫЗ қайтпаған болса...

Өзіңіздің агрессияңызды ауыздықтай алмайтын адам болсаңыз, ашуыңызды ұстай алмасаңыз, жарыңызға жақын барып қажеті жоқ. Мейлі, іштей реніш бар болар. Бірақ реніш пен ашудың арасы алыс.

Егер ашуыңызды құмарлыққа жеңдіре алсаңыз жақсы, ал керісінше болып шықса, бұл қауіпті болмақ. Психолог мамандар мұндай сәтте жыныстық қатынастың әдеттегіге қарағанда дөрекі болатындығын және ол жұбайыңызға ұнамай қалуы мүмкін екендігін айтады.


ТӨСЕКПЕН жарассаңыз да, ұрыс-керіске нүкте қойылмайды

ӘУ баста төсек үшін ұрыспаған боларсыздар? Ал жыныстық қатынас тек татуласудың ғана құралы болды ғой?!

Демек, төсекте жарассаңыз да ұрыс-керісті туындатқан мәселені шешілді деп ойламаңыз. Егер, төсек үшін болса, онда әңгіме басқа. Ал, тұрмыстық мәселенің барлығын төсек шешпейтінін ойлап қойыңыз. Ол тек уақытша «пауза» нүктесі деп түсініңіз. Араларыңыздағы уақытша «тыныштық» кезін пайдаланып, проблема болса ұрыс-керіссіз шешіп алуға берілген уақытты пайдаланыңыз. Мұндайда жұбайыңызбен келісімге келу әлдеқайда оңайырақ болмақ.

 

ТӨСЕКПЕН жарасуды жиі қолдануға болмайды

Ерекше эмоциямен өтетін мұндай сәттегі жыныстық қатынас әдеттегіден ерекше болады. Тіпті, ұнап та қалуы мүмкін. Себебі онда белсенділік көп. Оған себеп – жұбайыңызбен арадағы жанжалдан соңғы қайтпаған ашудың бір ұшы.

Дегенмен, оған дәнігіп алуға да болмайды. Бұл ерлі-зайыптының арасындағы интимдік жақындыққа елеулі өзгеріс әкелгенмен, отбасылық өмірге әжептеуір сызат түсіреді. Әрине, жиі ұрыс-керіс бола берген үйде береке болмайтыны белгілі. Ал отбасының берекесін қашырған төсек ләззатының керегі бар ма?

 

Ұрыс-керістен кейінгі ТӨСЕК қатынасының пайдасы

Мұның ең бір пайдасы – төсек ләззатын алған еркектің де, әйелдің де жүйкесі тынышталып, жайбарақат қалыпқа түседі. Мейлі, тіпті аз уақытқа болса да. Бірақ бұл төсектен тұра сала ұрыс-керіс қайта басталады деген сөз емес.

Сонымен қатар, ерлі-зайыптының жанжал кезінде бір-біріне артық айтқаны болса, кешіруге, кешірім беруге мүмкіндік. Ашудан айығып, келісімге келуге болады. Ал мұндай мүмкіндікті уыстан шығарып алмау қажет.

Интернеттен алынды

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ




Көрілген: 1475    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 01:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31