Отбасы - ошақ қасы

​ЖҮКТІ кезде ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАН бас тартқандар 6 ҚАТЕЛІК жасайды

  • ​ЖҮКТІ кезде ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАН бас тартқандар 6 ҚАТЕЛІК жасайды

    ​ЖҮКТІ кезде ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАН бас тартқандар 6 ҚАТЕЛІК жасайды

Адуынды апаларымыз айтатындай, жүктілік – ауру емес. Иә, қиындығы мен денсаулыққа байланысты күрделілеу өтетін жүктілік те бар. Дегенмен, құрсаққа бала біткен соң оны «дерт» секілді қабылдап, тым «шыбық тимес шыңқ етер» бола берудің жөні жоқ.


Әсіресе, некелі азаматына, отағасына келгенде әйелдерге кірпідей жиырылып қалудың қажеті шамалы. Яғни, еріңіз емеурін танытса, жүкті екенмін деп теріс қарасаңыз, мұндай сәтте жыныстық қатынастан болатын 6 түрлі пайдасын көре алмайсыз.


Демек, бір рет бас тартамын деп өзіңізге 6 түрлі қателік артасыз...


ЕСКЕРТУ! Егер дәрігер тағайындағандай, жүктілікке қауіп тудыратын жағдай болса, онда жыныстық қатынастан уақытша бас тартқан дұрыс.


Көңіл-күйді көтереді


Жүкті болмаса да түнін «ыстық етіп» өткізген әйелдердің таңғы шайды еріне жымия әрі көңілді әуенді ыңылдай жүріп демдеп беретінінен әрбір еркектің де, әйелдің де хабары бар. Есіңізге түсіріп көріңіз.


Сол сияқты, жүкті әйелге көңіл-күйді қалпында ұстап отыру қажеттігін дәрігерлер де айтады. Әйелдің өзін бақытты сезінуі құрсақтағы баласына да пайдалы. Бұл арқылы жүкті әйел өзінің гормондық жүйесін қалыпты ұстап отырады. Жыныстық қатынаспен айналысу арқылы жүкті әйел өзін сүйікті де сүйкімді сезінеді.


Психологиялық тұрғыда бұл кез келген әйел үшін аса қажет. Ал еркекті қалай бақытты ететінін айтпай-ақ қойса да болады...


Бас тартқан жағдайда, екі-үш күнге созылатын көтеріңкі көңіл-күйден айырыласыз. Қабағыңыз солыңқы тартып, жадыраған күннің өзі қуантпайтын біртүрлі сезімде жүресіз. осылайша өз саулығыңызға да, құрсақтағы бала үшін де қате жасайсыз.


Бұрынғыдан да терең сезінеді


Құрсағына бала біткен әйелдің дене бітімі мен физиологиясы өзгереді. Яғни, қынап тарылып, клитор үлкейеді. Кіші жамбас аймағына қарай қан ағысы күшейеді. Бұл деген сөз, әйел жыныстық қатынастан бұрынғыдан да керемет ләззат алады, оргазмға жетуі оңай болады. Ал оргазм кезінде бөлінетін «бақыт гормоны» аталатын эндорфин құрсақтағы баланың да ағзасына жетіп, оған да жақсы жағынан әсер етеді. Бұл мүмкіндікті жіберіп алсаңыз, "бақыт гормонынан" қағыласыз...


Сақтанудың қажеті жоқ


Әйелдер үшін ең бір жайсыздау жағы – төсек қатынасында жоспарсыз жүктіліктен сақтану. Оның да түрлі жолдары бар. Ең бастысы, төсек ләззатына еркін беріле алмай, «жүкті болып қалсам...» деген ой қажайды. Жүктіліктен сақтану әдістерінің еркекке де ұнамайтыны тағы бар.


Ал жүкті кездегі жыныстық қатынаста сақтанудың қажеті жоқ. Мұндай әйел де, еркек те еркін әрі батыл қимылдайды. Еркін қатынаста еліткен жұпта төсек ләззатын сезінбеу мүмкін емес. Оңай босануға көмегі көп Жүкті әйелдер үшін де еркек шауһатының пайдасы көп. Еркектік гормондар, ферменттер мен сперма құрамындағы өзге де заттар жатыр мойнын жұмсартып, босану кезінде мейлінше еркін ашылуына көмектеседі. Соның арқасында босануы кезінде жатыр мойнының жарақаттануы орын алмайды. Сонымен қатар, жыныстық жақындасу басқа да кез келген дене еңбегі секілді ағзадағы қанайналымын жылдамдатады. Ал қан айналымының дұрысталуы ағзаның барлық мүшесіне пайдалы. Айтпақшы, жүкті кезде жыныстық қатынаспен еркін айналысқан әйелдің босану кезінде шабын еркін аша алуына мүмкін береді. Яғни, босану кезіндегі әрекеттерге жаттығу деген сөз. Босану сәті оңай болсын десеңіз, жыныстық қатынастан себепсіз бас тартып қателік жасай көрмеңіз. Босануға дайындайды Оргазм кезінде бөлінетін окситоцин гормоны жүктіліктің соңғы күндеріне жеткенде көп көмектеседі. Бұл заттың жатырдың әлсіздеу жиырылуына әсер етеді. Яғни, ол – босануға дайындық, себебі, жатырдың әлсіз жиырылуы жаймен басталған толғақ іспеттес. Осылайша жатыр жиі жаттығып, бұлшықеттері шымыр бола түседі. Ал бұл босану кезінде ауадай қажет.


Босану кезінде әйел үшін қажетті тегін де ләззатты қатынастан бас тарту дұрыс па?


Толғақ шақырады


Егер жатыр да, құрсақтағы бала да жетіліп, тіпті босану уақыты асып бара жатса, онда да жыныстық қатынас жақсы көмектесе алады. Босану уақыты өтіп бара жатқан әйелге тіпті, дәрігерлердің өзі күйеуімен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынады. Мұндайда әсіресе, мүшеқапсыз жыныстық қатынас қажет болады. Мұның себебі, сперма құрамында болатын простогландин деп аталатын ерекше бір заттың болуы. Ал ол ашылмай жатқан жатыр мойнын жұмсартып, жетілуіне тікелей септігін тигізеді. Перзентханаларда кейде жатыр мойны ашылмай жатқан әйелдерге гель түріндегі жасанды простогландин егіледі. Дегенмен, оның табиғи түрі анағұрлым жақсы әсер етеді. Бірақ екі түрлі жағдайда босану алдындағы жыныстық қатынасқа рұқсат жоқ: жатырдан су кеткенде немесе еркектің жыныс мүшесінде жұқпалы инфекцияның жоқ екеніне күмән болғанда.


Ж.Байтұрым,


ERNUR.KZ




Көрілген: 4587    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.10.2019, 22:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30