Отбасы - ошақ қасы

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

  • Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

    Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мақсатында 25 қарашадан бастап "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" атты халықаралық акция бастау алды. Осы орайда "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының" мәдени іс-шара ұйымдастырушысы қазақстандық әйелдердің басынан өтетін қайғылы оқиғаларды баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Замана" басылымына сілтеме жасап.

отбасы

Соған сәйкес еліміздегі дағдарыс орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдар түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, қыз-келіншектерге кеңестер бере бастады.

Осы орайда Алматы қаласындағы "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының" мәдени іс-шара ұйымдастырушысы Әсем Бижанмен тілдескен едік. Ол өздеріне түрлі тағдырды басынан өткерген қыз-келіншектердің келетінін, оларды баспанамен уақытша қамтамасыз етіп қана қоймай, психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек беретіндерін айтып қалды. Бізге мысал ретінде бірнеше әйелдің өмірін әңгімеледі.

"Әлеуметтік-қоғамдық жұмысқа кіріскелі бері қоғамда небір сұмдық жағдайлардың куәсі болдым. Мұндайда өз бастарынан өткен адам төзгісіз жағдайлардан кейін қыз-келіншектердің өмірге деген құлшынысы жоғалып жатады. Бірақ біз олардың барынша аяққа тұрып кетуіне жәрдемдесеміз", - деді Әсем Бижан. 

Әрі қарай ол Айгүл есімді келіншектің басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Отағасы оған ғана емес, ішіндегі нәрестеге де күн көрсетпеген. 

"Мәселен, Айгүл есімді келіншек күйеуі екеуі алғашқы жылдары бақытты өмір сүрген. Бірақ жолдасы жұмысынан айрылған соң ішімдікке құмартып, түбі нашақорлыққа салынады. Наркологиялық диспансердегі емделу, есірткіге деген тәуелділіктен пайда болған ашу-ызаның салдарынан күйеуі Айгүлге қол жұмсай бастаған. Бір күні жолдасы Айгүлді аяғы ауыр болғанына қарамастан қатты соққыға жығып, көкбауырын зақымдайды.

Ал жатырындағы бала жиырмасыншы аптада шетінеп кетеді. Күйеуі осыған дейін балалар үшін деп шыдап баққан келіншегін ауруханаға түскен соң да артынан бірде-бір рет іздеп бармаған, балаларын да керек қылмаған. Жеті баласымен барар жер, басар тауы қалмаған Айгүл ақыры біздің орталықты паналады, заңгер мен психологтың көмегін алды. Кейіннен өзі де өмірін өзгертуге тырысып, ата-анасына оралып, жұмысқа орналасты", - дейді ол. 

 
 

 




Көрілген: 1124    Пікірлер: 0

сенбі, 07.12.2019, 14:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31