Отбасы - ошақ қасы

Жұрт, "пәтер жалдап жүріп несіне жетісіп туа береді" деп сөгеді

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Осы жазбаны жазбастан көп ойландым.Тұрмыс құрғалы 6 жыл болыпты. Аллаға мың тәубе үш алтындай боталарым бар.


Осы жылдардың ішінде жоқшылықтың тауқіметін қатты көріп келеміз. Күйеуім өте алтын адам, білімді, талантты, ақылына ел сүйсінеді, барынша жүгіреді, тырысады, бірақ жолы болмай-ақ қойды. Өзі жастайынан әкеден айырылған, анасы басқа адамға жар болып, өгейлікті де көрген.


Күйеуімнің балалық шағы, көрген қиыншылықтары туралы бір кітап жазуға болады. Айтқанда жүрегім ауырып кетеді. Онысын менен өзге ешкімге айтпайды, мені әйелім емес, әуелі досымсың дейді. Көп жақындарын жоғалтқан, әжесі, әкесі, іні-қарындасы.


Мен келін боп түскеннен кейін ұзақ жылдар ауырған жалғыз қарындасынан айырылды. Ол кездегі қайғысын айтып жеткізе алмаспын. Содан болар мені, балаларын жоғалтқысы келмейді.


Қаншама рет шыдамай кетіп қалғым келді, кеттім де, бірақ қимадым, Онсызда аз қиындық көрген жоқ қой. Өзі де еркек басымен жылап жалынатын. Қазір есіме түссе өзімді сол үшін жек көрем, бірақ бәрі артта қалды. Мен енді ғана түсінгендеймін, ол жанның мен үшін қымбат екенін. Мейлі баспанамыз болмасын, ақшадан тарығайық бірақ одан ешқашан балаларын айырмаспын.


Айтпақшы тағы да сәбилі болады екенбіз. Мұны естіп жарым жылап жіберді, әр баласын ерекше қуанады. Тұрмыстың қиындығы періштемнің жүрегінің соғуына кедергі емес. Иә, жұрттар айтады, өсектейді, жетпей жүріп, пәтер жалдап жүріп несіне жетісіп туа береді деп?! Бірақ мен оларды асырай алмасам, Алла маған бұйыртпас еді. Балаларымыз бізге берілген үлкен сый. Мен сенем қаншама қиындықтың бір өтеуі болады. Мен жарыма сенем! Бұны жазғандағы себебім біреу оқып аясын, я болмаса мүсіркесін деп емес. Алла сақтасын ондайдан! Тек шерімді тарқатсам деп едім. Күндердің күнінде біз бірге отбасымызбен қиындықты жеңіп, осы ұйқысыз түндерімді күліп еске алсам деймін. Ең бастысы адал жарым мен ботақандарым аман болсыншы!




Аноним  




Көрілген: 1988    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.07.2019, 11:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31