Отбасы - ошақ қасы

​Жыныстық қатынас: ӘЙЕЛДЕРГЕ КӨКТЕМ ӘСЕР ЕТЕ МЕ?

  • ​Жыныстық қатынас: ӘЙЕЛДЕРГЕ КӨКТЕМ ӘСЕР ЕТЕ МЕ?

    ​Жыныстық қатынас: ӘЙЕЛДЕРГЕ КӨКТЕМ ӘСЕР ЕТЕ МЕ?

Көктемде табиғатта ғана емес, әр адамның бойы мен ойында да өзгерістер болады. Көктем мезгілі – адамның гормоналды биоритмі өзгеретін уақыт деп санайды метафизиктер. Ал гормондардың жыныстық қатынасқа кезгенде қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын жиі жазып та жүрміз. Осыған орай, әр мезгілдің жыныстық қатынасқа әсері болмай қоймайтынын да ескергеніміз абзал, - деп жазды ERNUR.KZ сайты.

Егер қар еріп, күн жылынғаннан төсекте белсенді бола бастасаңыз, сіздің де бойыңыздағы «мұз еріп, сезім бүршік жаруда» деп ойлай берсеңіз болады. Ойлап қана қоймай, ондай сезімді қанағаттандыру да қажет екенін ұмытпаңыз. Бұл мезгіл тек әйелдерге ғана емес, еркектерге де қатты әсер етеді. Демек, іштей бірдеңені қалап, не екенін тап басып біле алмай жүрген болсаңыз, төмендегі ақпараттан өз керегіңізді тауып қалуыңыз мүмкін.

Романтикаға әуестік оянады

Айнала жасыл желекке орана бастағанда кез келген адамның да бойында сезім қатар оянады. Оған себеп – табиғатпен байланысты адамның ағзасындағы гормондардың қызметі. Әйел заты өзіне ер-азаматтардың назар аударғанын еркінен тыс қалайды екен осы мезгілде. Құлпырып шыға келуі де сондықтан. Гардероб ауыстырып, өз сымбатын ретке келтіруге тырысып бағуы да сол себепті. Өйткені, әйел заты да көктеммен бірге құлпыра түседі. Еркектер де солай. Өздерінің еркінен тыс әйел затына назары ауады. Әсіресе, басы бос, әлі жұбын таппай жүргендер таныстыққа әуес келеді. Себепсіз сыйлық жасағысы келіп тұратын сезімді бастан өткереді екен.

Тән қалауын тежеуі қиын болады

Романтикаға келгенде еркектер бәсең болғанымен, көктемнің келуімен қатар жыныстық қатынасқа деген тәбеті ашыла түседі. Тән қалауын ауыздықтауы да өзге мезгілге қарағанда қиынырақ болатын көрінеді. Сол себепті болар, некелі жұптары (көңіл жарастырған жұбы) барлар жатын жайда көбірек «арпалысатыны». Тек еркектер ғана емес, әйелдердің де бойынан бұл сезімді байқауға болады. Қыста көрпені құшақтап, жылы ұйықтап жататын, еркектің емеурініне теріс қарап жататаны әйелдердің көбісі көктемнің келуімен қатар тіпті, өздері де еркелей жуысады.

Күн сәулесі мен гүлдердің жұпары әсер етеді

Әйелдің де, еркектің де көктемде өзгеруіне, тән қалауларының артуына ең бірінші әсер – күн сәулесінен деп санайды мамандар. Қаһарлы қыстың әсерінен көңіл-күйлерін ауыздықтап, көп қалауын сыртқа білдірмей жүретін жандар біршама күйзеліске түссе, көктем келісімен өздігінен өзгеріс орын алатын көрінеді. Күннің шуақты да жылы сәулесі стресс немесе күйзелісте жүрген адамға оң әсер етіп, ағзасына да жылы ағыс әкеледі. Сондықтан да қыстай науқастанып жүрген көптеген адамдар дертінен де айығады екен. Сол сияқты, айнала гүлдеп, жұпар шашқанда да әсері көп. Таза ауамен бірге түрліше өсімдіктен таралған жұпар да адамның ағзасы үшін маңызды. Тыныс алу арқылы ағзаға енген жұпар иіс ми мен оның дабылы арқылы түрлі оң әрекетке итермелейді. Соның ішінде әлбетте, бірінші кезекті көңіл-күйді көтереді.

Жыныстық қатынасқа тәбет ашылады

Сексолог мамандардың пікірнше, көктемгі күн сәулесінің ағзаға түсуі арқылы адамның бойында серотонин мен мелатонин көбірек бөлінеді. Бұл екі гормон көбейгенде адамның көңілі көтеріліп, күші тасиды. Көңіл-күйі көтеріледі. Көктемде сонымен қатар, жыныстық гормондардың да мөлшері артады. Әйелдерде – эстроген, еркектерде – тестостерон гормоны көбірек бөліне бастайды. Соның әсерінен жыныстық қатынасқа деген тәбеті де артады. Табиғат оянды дегенше, адамның ағзасы да оянады. Тіршілік ұрпақ өрбіту арқылы жалғасатын болса, сол ұрпақтың «өнуіне» көктемнің әсері көп. Көктем тек әйелге ғана емес, еркектерге де әсер ететінін білдіңіз, ендеше өз табиғатыңызға қарсы шықпаңыз. Көңіліңіз қалаған сәтті пайдаланғаныңыз мақұл.

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ




Көрілген: 3710    Пікірлер: 0

сенбі, 03.04.2021, 00:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қараша, 15:28
    Енем жігіт тауып алды
    16 Қараша, 09:31
    Әйелімді қимаймын...
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31