​Жыныстық қатынас: ӘЙЕЛДЕРГЕ «үстінде болу» ҰНАМАЙДЫ

​Жыныстық қатынас: ӘЙЕЛДЕРГЕ «үстінде болу» ҰНАМАЙДЫ

Әрине, бұл барлығына бірдей деген сөз емес. Кейбіреулерге тіптті, аса қатты ұнауы мүмкін. Бірақ басым көпшілік әйелдер тән жақындығы кезінде «үстінде болатын» әрекеттен бас тартатын көрінеді. Оның біренеше себебін төменде атап өттік, - деп жазды ERNUR.KZ.

Әдетте «үстіңгі» әрекетте әйелдің оргазм алуы жиірек, бірақ сонда да әйелдер оны жиі байқап көре бермейді екен.

1. Аяғы ұйып қалады немесе талып кетеді

Йогамен немесе бимен тұрақты айналысып тұратын әйел болса, оларды мұндай проблема болмауы да мүмкін. Бірақ көбіне мұндай әрекетті жасауда әйелдердің аяғы ұйып, талып кетеді де, «шаруаны» соңына жеткізе алмайды. Әрі қарайғысын еркектің еншісіне тастап, төсекке құлай кететініне де сондықтан екен.

2. «Сыртымнан біртүрлі көрінемін»

Әйел қашанда өзінің сыртқы көрінісіне мән беретіні рас. Міне, сол үйреншікті әдетін төсекте де қоя алмайды. Ес жоғалтып, ләззаттан балқитын сәтте де өзінің сырт көрінісі қандай боларын елестетіп үлгеретін көрінеді. «Үстінде отырып...қалай ыңғайсыз көрінемін?» деген ой маза бермейтіндер де бұл «позаны» ұнатпайды.

3. «Ол менің қарнымды көріп қояды»

Рас. Бала босанған әйелдің құрсақ тұсы әдемі қалпын сақтай бермейді. Тері жыртылып, май жиналған қарынды әйелдер ешқашан да ешкімге көрсеткісі келмейді. Бұл олардың өзіне деген бағасын түсіріп жіберетін жағдай. Міне, төсектегі оргазмға жетелейтін «позаны» әйелдер сол үшін де қолдана бермейді екен. Еркектерге оның сымбаты ұнап тұрса, қарын тұсына мән бермесе де өзіне әбден бекітіп алған үрейін жеңе алмайтындар жеткілікті.

4. «Астынан қарағанда әдемі көрінбеймін»

Қыз-келіншектерің көбісі шалқалап жатып суретке түскенді ұнатады. Себебі сол, беттегі әжім тартылып, артық салбырап тұрған жерлердің барлығының қыртысы жазылады ондайда. Егер «үстіңгі» қалыпта болса, керісінше барлық кемшілік екі есе көрінеді деп ойлайтын келіншектердің үстіңгі қалыпқа көндіру сірә, қиынға соғатын шығар...

5. «Ырғаққа түсе алмаймын» деген қорқыныш

Иә, кейде мұндай қалыпта әйел мен еркектің ырғағы қабыспай, «шаруадан» береке қашатыны да болады. Ештеңе бірден және бәрі жақсы болып кетпейді емес пе? Сондай бір-екі сәтсіздіктен соң әйелдің бойында сенімсіздік пен үрей пайда болады.

6. «Омырауым селкілдеп...»

Тағы бір ыңғайсыздық сезімі... Омырауы кішкентайларда бола қоймас, ал көлемдірек болған жағдайдағы «омыраудың селкілдеуі» де көпшілік келіншектерге ұнамсыз. Сол себепті де көбіне «үстіңгі» қалыптан бас тартады.

7. Жарақаттап алудан қорқу

«Үстінде болу» қалпы – расында ең қауіпті «позалардың» бірі. Абайламаса, өзіне де, еркектің жыныс мүшесіне де жарақат салуы, ауыртып алуы әбден мүмкін. Ырғақтың қабысуы осындай маңызды. Міне, еркектерге қанша жерден ұнап тұрса да әйелдердің бұл қалыпта жақындасудан көбіне бас тартатын себебі осыларда жатыр. Мұнан басқасы болуы да мүмкін.

Түрлі дерекккөздерден дайындаған:

Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста