Қалталы қариялар мен студент қыздар...

Қалталы қариялар мен студент қыздар...

Алматыда студент қыздар өте көп. Ақшалы шалдардың дәурені жүріп тұр

 

Ол кісімен кездейсоқ таныстым. Түнгі қыдырыстан кеш қайтып, ұйықтап қалыппын.

 

«Сол күні мінезі қиындау мұғалімнің сабағы еді. Соған үлгерсем деп, көшеге шыққан бойда такси ұстадым. Мен айтқан азғантай бағаға ешкім алмады. Кенет су жаңа «иномарка» тоқтай қалды. Терезеге еңкейіп, баратын жерімді айтып жатырмын. Онымен қоймай, «300 теңге» деп қоямын. Рөлде отырған ақ шашты, жас шамасы алпыстан асқан қартаң адам екен. Бетіме бір қарады да, «отыр» деді. Мұндай машинаға өмірі отырып көрмеп едім. Керемет. Рөлдегі жазудан «Бентли» дегенді оқыдым.

 

Сұмдық-ай, мынадай қымбат көлікпен «таксовать» етіп жүр ме? деп қоямын ішімнен.

 

– Қайда оқисың қызым? деді ол.

 

Айттым. «Грант па, ақылы ма?», деді. «Ақылы» дедім.

 

– Бағасы қанша?

 

Жарты миллионнан астам екенін айттым.

 

«Так-с-с» деп қойды ол кісі. Әңгімеміз осылай басталып кетті. Былтыр алғашқы жылды әрең төлегенімді, биыл қиналып жүргенімді айтып қалдым. Ол кісі үндемеді. Бір нәрсе ойлап отырған сияқты. Айтқан жеріме жеткенде қалтамдағы тиындарымды есептеп, ұсынып едім. Күліп жіберді.

 

«Қызым сен маған емес, мен саған көмектесуім керек қой» деп жымиып, қолыма он мың теңге ұстата салды.
Сасып қалып, «ой, ағай» дей беріп едім. «Қолымды кері қайтарма. Тамақ ішкеніңе керек болады», деді. Сосын менің қай кезде қайтарымды біліп алып, «Осы жерге шық. Кешке ала қайтамын» деді. Тиын санап қиналып жүрген мен үшін бұл кісіні Құдай жіберген шығар деп, рахметімді айтып, түсіп қалдым. Марат ағамен таныстығым осылай басталды.

 

Таңертең универге әкеліп тастайды. Кешке алып қайтады. Осылай он-шақты күн жүрдік. Қалтам толы ақша. Қыздармен бірге пәтер жалдап тұрушы едік, «пәтерді төле» деп тағы мол ақша ұсынды. «Бұл не қылған жомарт адам» деп мен аң-таңмын.

 

Арада шамамен он күн өткен, сабақтан қайтып келе жатқанбыз. Марат аға «қарның ашқан болар» деп, жолай бір аспаздық дүкенге тоқтап, мол қылып ішім-жем алды. Сосын мен тұратын пәтерге емес, көп қабатты бір элиталық үйдің алдына тоқтады. Тосылып қалған мені көріп, «қорықпа қызым, бұл менің екінші үйім. Жүр, жүрек жалғап ал. Содан соң жеткізіп тастаймын» дегені.

 

Ойымда еш күдік болған жоқ. Бұған дейін ешқандай артық қылық көрсетпеген, әрі жағдайымды жасап жүрген Марат ағаның соңынан ердім. Үйдің іші де керемет екен. Қымбат шетелдік жиһаздар. Жарқырап тұр. Іштік-жедік. Марат аға біраздан соң сөреден әртүрлі ішімдіктер шығарды. «Мынаны Шотландияға барғанда алып келіп едім» деп қымбат виски, «Мынаны Францияға барғанда алған едім» деп ерекше шөлмекке құйылған қызыл шараптарды көрсетті. Сосын оларды ашып, фужерлерге құйды. «Алып қой қызым, алыстан келген дәм ғой. Саған бұйырып тұр екен», деп қояды. «Ішпеймін» деп едім, болмады. Мен де қатты бәлсінбедім. Қанша дегенмен, екінші курстың студентімін. Шарап пен коньяк ішіп көргенмін. Біраздан соң, буыным кетіп мас бола бастағанымды білдім. Ақыры сол үйде қонып қалдым.

 

Таңертең Марат ағаның бетіне қарай алмадым.

 

«Қызым, сен ұялма, сен маған ұнайсың. Жағдайыңды жасаймын. Оқуыңның ақшасын да төлеп беремін. Бірақ осылай кездесіп тұралық», деді.

 

Не деймін? Болар іс болып қойды.

 

Осылайша өзімнен қырық төрт жас үлкен үлкен ер адаммен көңілдес болдым.

 

Жанымдағы қыздар біліп қойды. Басында «ұялмайсың ба, үлкен кісі емес пе, бала көтеріп қалсаң қайтеді», деген секілді әңгімелер айтылды.

 

Артынан қалтам толы ақшаны көрген соң,

 

«Бізді де таныстыршы. Ақшалы дос шалдары бар ма екен? Біз де көңілдес болайық», деп маған жалына бастады.
Уақыт өте келе жанымдағы қыздарды Марат ағамен таныстырғанмын. Қазір олар да ол кісінің анда-санда кездесіп тұрар көңілдесіне айналды. Әрине, біреулер бізді кінәлар. Боқтар.

 

Бірақ біз қолы қысқа, қалтасы жұқа студентпіз. Ауылдағы әке-шешеміздің де маңдайы шылқып тұрғаны шамалы. Жылдық оқу ақысын әрең тауып береді.

 

Жаспыз. Жүргіміз келеді, кинігіміз келеді. Мына қымбатшылық заманда бәрі ақшаға тіреледі.

 

Әрине, студент бола жүріп, қосыша жұмыс істеп, өз күндерін өздері көріп жүргендер жетерлік. Әркім әртүрлі ғой.

 

Ал Марат секілді ақшалы шалдар жастардың психологиясын меңгеріп алған. Өздеріне ұнаған жас қыздарға ақша беріп, төсекке тартып жүр.

 

Қалтасы тықыр қыз қайда барсын? Амалсыз көнеді. Бұған кім кінәлі? Заман ба, адам ба? Әлде ақшалы шалдар ма?

 

Білмеймін. Сіздер не дейсіздер?».

 

Бұл – Фейсбуктегі Ақбота деген қыздың жазбасы. Расында бұған не дейсіздер?

 

Аян Мырзабек
kaz.365info.kz/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста