Отбасы - ошақ қасы

Қалыңдығы үш балалы әйел болып шықты...

  • © trioda.ru

    © trioda.ru

Алматы тұрғыны туған інісінің үш балалы келіншекке алданып қалғанын айтып, налыды. Өзін Салтанат деп таныстырған ол жігіттерді қазіргі қыз-келіншектерден сақ болуға шақырған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Салтанаттың айтуынша, оның отызға таяп қалған інісі жақында үйленетінін айтып, ата-анасы мен бауырларын бір қуантқан.


Алайда, шаңырақтағы кенже ұлдың қуанышы көпке созылмапты. Ол бір баласы бар, ажырасқан келіншекке үйленетінін айтып, жақындарының көңілін су сепкендей басады.


«Кім де болса тәрбиелі, адал сүт емген қызды келін еткісі келеді. Ажырасқан, балалы әйел аламын дегенде бәріміздің төбемізден жай түскендей болды. Ата-анам көпке дейін келісімін бермей, ұлдарына бар ақылын айтқан. Бірақ інім айтқанынан қайтпады. Ақыры, балалы келінге де рұқсат бердік», - дейді Салтанат.


Алайда, балалы әйелдің жыры мұнымен де бітпепті. Той қамымен жүрген отбасы мүшелері болашақ келіндерінің бір емес, үш баласы бар екенін анықтайды.


Бұл тойға дайындалған ата-анадан бөлек, үйленемін деп ниеттенген жігітке де соққы болған.


«Той жақындап қалған әлдебір таныстарымыз оның бір емес, үш балалы әйел екенін айтты. Не сенерімізді, не сенбесімізді білмедік.

Інімізге жұқалап жеткізіп көргенімізде, ол ашуға басып, біздің бәле іздеп жүргенімізді алға тартқан.


Алайда, кейін шындықтың беті ашылып, інім сүйіктісінің үш некеден баласы бар екенін білді.


Мұндайды ешкімнің басына тілемейміз. Тұрақты жұмысы бар, жоғары білімді, тәрбиелі інімнің дәл осындай жағдайда қалғаны қынжылтты.


Алғашында он жерден қарсы болсақ та, сүйген жүрегіне кедергі болмайық деп шешкенбіз. Бірақ үш балалы әйелдің өзін алдап келгенін білген ол бәрін дереу тоқтатты.

Әлгі келіншек жылап-сықтап, аяғына жығылып кешірім сұрағанымен, бауырым райынан қайпады.


Бүгінде оның сағы сынып қалған. Құдайдан оған лайықты жар кездестіруді сұрап жүрміз», - дейді Салтанат. 


 




Көрілген: 4121    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 17:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31