Отбасы - ошақ қасы

Қалыңдық жасауын, ал күйеу жігіт қалың малды қайтаруды талап етті. Сот шешімі

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

Теміртау қалалық соты өте сирек кездесетін арыз-шағымды қарады. Ерлі-зайыптылар ажырасып, әйел қалыңдық жасауын, ер адам берген қалың малын қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Ресми мәліметке сәйкес, сотқа алдымен әйел арызданды. Ол некеде біраз уақыт болған. Кейін ажырасып, ата-анасының үйіне оралды. Онымен қоймай тұрғылықты жері бойынша Теміртау қалалық сотына жүгініп, ұлттық әдет-ғұрып бойынша неке қию кезінде жасау ретінде берілген дүние мүлігін қайтаруды талап етті.

 

Бас кезінде сот мамандары ажырасып кеткен ерлі-зайыптыларды татуластыруға тырысты. Бірақ одан ештеңе шықпады. Осыдан кейін азаматтық іс жалпы тәртіппен қарауға жіберілді.

 

Сот отырысы кезінде арыз түсірген әйелдің бұрынғы күйеуі қарсы шағым түсіріп, қалыңдық үшін төленген қалын малды қайтаруға талап қойды. Судья Шаяхметова екі жақты да қанағаттандыратын шешім шығаруға тырысты.

 

Сот әйелге тиесілі мүлікті заттай қайтаруды міндеттеді. Ал ер адам талап еткен қалың малдың сомасы ішінара қайтарылды.

 

"Мұндай сипаттағы істер республика соттарының өндірісіне сирек түседі және мұндай дауларды қараудың бірыңғай тәжірибесі жоқ. Шешімге қарсы шағым жасалмады және заңды күшіне енген. Талапкердің өкілі әлеуметтік желілерде әділ шешім шығарған судьяға алғыс білдірді", - дейді сот мамандары.

 

 

 




Көрілген: 1433    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.09.2021, 20:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...
    9 Қыркүйек, 01:14
    Қайынағам қырындап жүр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31