Отбасы - ошақ қасы

Қалыңмалы 50 млн теңге: Қазаққа келін болған тай қызы

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Тайландтық қыз Түркістан облысындағы қазақ отбасында келін болып жүр. Жігіттің ата-анасы діні басқа, тілі басқа аруды әу баста өзге елдің қызы деп  қабылдағылары келмегенімен, қазіргі таңда ризашылықтарын білдіретіндіктерін айтты.

 

Бұл туралы "Пендеміз ғой" бағдарламасында сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

 

Рахат  Әнапия есімді қазақ жігіті ата-анасына қайтсем де үйленем, болмаса еш қызға үйленбеймін деп шарт қойған. Жігіттің ата-анасы уақыт өте өз шарттарын қоя отырып, келісімге келгенін жасырмады. Шарттың ең әуелгісі мұсылман дінін қабылдау болған. Содан соң қазақ салт-дәстүрін толықтай ұстану керектігін айтқан. Тайландтық қыз барлығына көнуге келіскен.

 

Тайлық қыздың аты-жөні - Корнканок Хачок. Қазақ отбасына келін болғалы есімін Гаухар деп өзгерткен.

 

"Отбасында жалғыз баламын. Біздің елде 18 жасқа толғанда бала  кез-келген уақытта өз шешімін, таңдауын жасайды. Қазақ еліне тұрмысқа шығатынымды айтқанымда ата-анам еш қарсылық танытпады. Тек қолдау көрсетті",- дейді тайлық қыз.

 

Қазаққа келін болып түскеніне 5 ай болған. Ең қызығы тойлары әлемдегі пандемияға байланысты онлайн өткен. Рахатың айтуыша, Тайландта қыздың қалың малы шамамен 40-50 миллион теңге көлемінде екен. Әзірге екі жақтың құдалары  бір біріне келе алмай отыр. Қазір  жас келін қазақ отбасына, қазақтың салт-дәстүріне бейімделіп келеді. Орамал тағып,сәлем салады. Ал сиыр сауу оған еш қиындық туғызбапты. Себебі Тайландта да сыйр мал өте көп екен. Дегенмен Гаухарға мұндағы тағамға үйрену қиын болып жатқан көрінеді.

 

"Қазақ тағамын жей алмаймын, ащы емес. Біздің тамақтарда ащы көп қосамыз. Содан соң қазақтарда келінге қызметші сияқты қарайды екен. Бірақ, менің бағыма орай келген жерім мені қызметші емес, үйдің бір адамындай қарады", деп келін болып түскен отбасына ризашылығын білдірді.

 

Бір қызығы өз күйеуінің есімі Рахатты дұрыс атай алмай "Лахат" деп тілі күрмеліп қала береді екен.

 

Айтуынша қазақ тілі үйренуі қиын, ауыр тіл көрінеді.

 

 

 

 

 




Көрілген: 15881    Пікірлер: 0

жұма, 30.04.2021, 18:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Шілде, 23:38
    Көгілдір көзді қыз
    18 Шілде, 00:13
    Енем мезі етті
    3 Шілде, 11:52
    Екеуін де сүйемін
    10 Маусым, 09:11
    Байлыққа қызығып,...
    31 Мамыр, 12:57
    Ана сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31