Отбасы - ошақ қасы

Қайта қосылғанымызда мен оның өзгені сүйгенін білдім

  • Қайта қосылғанымызда мен оның өзгені сүйгенін білдім

    Қайта қосылғанымызда мен оның өзгені сүйгенін білдім

 Мен күйеуіммен ажырасып кеткеніме 7 жыл болды. Ол өте қызғаншак болатын. Сөзбен миды жеп, кол да көтеретін. Бірақ екеуміз жүріп, бір-бірімізді жақсы көріп үйлендік. Арамызда 1 кыз бар. Оның шектен тыс қызғанышы  мен ұрғанына шыдай алмай, ажырасып кеткен едік. Міне, жақында 7 жылдан соң қайтадан қосылдық. 


Қызым әкесі десе өледі, қызым үшін мүмкіндік берген едім. Қосылатын кезде бәрін қойдым деп уәде берген болатын. 1 грамм да өзгермеген, сол баяғы қызғаныш, сол баяғы қол көтеру, одан да катты үдетіп алған. Қатты ішкенді шығарып алған. Жұмыстан қайтқанда, міндетті турде ішеді, ішсе маған тиседі. Мен ұрганына да, сөйлегеніне де мән бермеймін, өзім оны қатты жақсы көремін. Қанша уакыт ажырасып жүрсек те жүрегім тек сол деп журген болатын. 

Ең соңғы рет ішкенде, екеуміз айырылысып жүрген уақытта басқа қызды жақсы көргенін, ол кыздың қыздығын алғанын, ол қызды баска біреу алып қашып кеткенін түгел жылап айтып берді.Таңга ашынып жылап, ұйықтай алмадым. Азанда тұрдым да, кетіп қалдым. Содан кейін ол да звондамады, мен де звондамадым. Бар сырымды тек анаммен бөлістім. Анам осы уакытқа дейін қызды өсірдің, жеткіздің, жетер енді, қосылма деп отыр. Өзі сыртта қыдырады да, үйге келіп мен ұрады, осыған анам катты ашуланды. Не істерімді білмеймін, отбасымды сақтай аламын ба, әлде өз алдыма кеткенім жөн бе?

 



Көрілген: 2800    Пікірлер: 0

жұма, 05.04.2019, 08:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31